01 Ақпан, 2017

Мэйуезер боксқа оралса, кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5 Америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуезер (49-0, 26 КО) кәсіпқой рингке қайтып оралған жағдайда оған лайықты ең мықты қарсылас белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. ESPN телеарнасының сарапшысы, белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль дауыс беруді Twitter желісіндегі парақшасында жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 45 пайыз дауыс жинаған WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) көш бастады. Ал 2-орында UFC чемпионы Конор МакГрегор тұр. Ол дауыс берушілердің 24 пайыз дауысын жинаса, 3-орынға 19 пайыз дауыс жинаған Дэнни Гарсия тұрақтады. Айта кетейік, дауыс беруге 11 588 адам қатысты.
Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35