Жәдігер • Бүгін, 07:50

Энеолит дәуірінен жеткен қазына

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында көне дәуір­дің көмбесі сақталған тарихи мекендер аз емес. Мәселен, Қызыл­қоға ауданында Қарабау-2, Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғаны бар.

Энеолит дәуірінен жеткен қазына

Облыстық тарихи-өлке­тану музейінің директоры Мұханбетқали Кипиевтің дерегіне қарағанда, аталған қорғандардан 1000-ға жуық жәдігер табылыпты. Мәселен, Қарабау-2 қорғанында тоғыз қабір сақталған. Оның ішінде жетеуі тоналмағаны анықталыпты.

«Осы кезге дейін тоналмай жеткен қабірлерден 100-ге жуық алтын мен күмістен, асыл тастан жасалған әшекей бұйымдар, қару-жарақ, қыш пен сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Ал Қарақұдық-1, Қарақұдық-2 қорғандарындағы қабірлерді зерттеу кезінде ақбөкен мен қасқырдың бейнесі бар күміс пиктограмма, алтыннан дайындалған зергерлік бұйымдар, керамикалық және ағаш ыдыстар, тұрмыста қолданылатын әртүрлі зат, қола қазандар, темірден, қоладан жасал­ған акинак, семсер мен найза секілді қару-жарақтың бөліктері, жебе ұштары шықты», дейді М.Кипиев.

л

Оның пікірінше, аталған қорған­дарда жүргізілген қазба жұмысы кезінде алынған бірнеше жәдігер назар аудартып отыр. Соның бірі – бұлан мүйізінен қашалған құрбандық ыдысы. Мұндай жәдігер ел тарихында сирек кездеседі.

Сондай-ақ таңбаланған қыш ыдыс бояумен қапталыпты. Аң стиліндегі ауыздық сүйектен дайындалыпты. Кейбір жәдігерлер осы кезге дейін еліміздің өзге өңірінен табылмаған. Бұл көне тарихтан сыр шертетін жәді­герлердің құндылығын арттыра түседі.

ж

Мұнайлы өңірдегі тағы бір тарихи мекен – Шошақ аталатын құмды төбе. Мұнда энеолит дәуіріндегі қабірлер сақталған. Аталған төбедегі қабірден біздің заманымызға дейінгі V-IV мыңжылдықтан сыр шер­тетін 605 жәдігер табылыпты. Оның ішінде тас балтаның бөліктері, кремний пластиналары, өңделген қайыршақ моншақтар коллекциясы мен тас білезіктер бар.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15