Мұхиттың арғы жағындағы алып держава тұрғындарының Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін, тарихи, рухани құндылықтарын білуге құштарлығы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада америкалық ақпараттық-мәдени бөлімнің ашылуы кезінде тағы бір байқалды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Эльхайдың сөз ауанынан да аңғардық. Бізді бұл мырзаның қазақ тілін үйренуге, қобыз тартуға ден қойған ынта-жігері сүйсіндірді.
АҚШ елшілігі солтүстікқазақстандық жастарды шетел мәдениетімен таныстыру, ағылшынша алған білімдерін одан әрі тереңдету дәстүрін жүйелі жалғастырып келеді. Осыдан он жыл бұрын шетелдік кітаптар мен оқулықтар орталығы бой көтерген болатын. Алайда, қаржы тапшылығынан уақытша жабылған еді. Жаңғырту жұмыстары шығындарын елшілік өз міндетіне алып, 14 мың доллар инвестиция жұмсады. Бұл қаражатқа кітапхананың бірінші қабатында орналасқан ғимарат қалпына келтіріліп, кірсе шыққысыз етіп безендірілді. Жаңа жиһаздар мен компьютерлер қойылды. Қазір мұнда он мыңға жуық кітап бар. Оның екі мыңдайы – ағылшын тілінде.
– Осындай мәдени қарым-қатынастар арқылы өзге халықтың тілін үйренуге, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы мол мағлұматтар алуға болады. Тіл үйірмелері мен пікірталас клубтары жұмыс істейді. Алдағы уақытта Америкадан оқытушылар арнайы келіп, ағылшын тілін үйретеді. Оқу тегін. Онлайн сабақ өткізу арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіруге де болады. Бізді қазақстандық жастардың білсем, көрсем, үйренсем деген құштарлығы қатты қызықтырады, – дейді Эльхай мырза.
«БЭСТ» гимназиясының оқушысы Влада Финогееваны осында жолықтырдық. Тұрақты оқырман көрінеді. «Flex» бағдарламасы аясында Айова штатында білімін шыңдап келіпті. – Америкалықтардың өмірге көзқарастары мен ұстанымдарында үлгі аларлық тағылымдар аз емес. Екі жақты сенімді байланысқа не жетсін! Арманым–шетелде білім алу, – дейді ол.
Америкалық мамандар аталмыш кітапхана қабырғасында жастардың тілдік білімін тексеруге арналған алғашқы сайысты ақпан айында ұйымдастырғалы отыр. Бұрындары бұл орталыққа айына жарты мыңдай оқырман келсе, енді олардың санының арта түсеріне еш күмән жоқ.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55
Энеолит дәуірінен жеткен қазына
Жәдігер • Бүгін, 07:50
Музей • Бүгін, 07:45
Өнер • Бүгін, 07:40
382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше