Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) осы салмақта WBO белбеуінің иегері британиялық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу жөнінде ортақ ымыраға келді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Boxing Legends TV интернет арнасының мәліметі бойынша бұл жазда Қазақстанда өтеді. Қос боксшы барлық шартқа келіскен көрінеді.
«Билли Джо Сондерспен Геннадий Головкиннің кездесуі жазда Қазақстанда өтеді», – деп жазады аталған арнаның туиттері.
«Қазақстандық боксшы Джейкобспен жұдырықтаспай жатып (18 наурыз Нью-Йоркте), бұл айқас не себепті қазір хабарланды?» деген оқырман сұрағына: «Шамасы, Сондерс осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетін болар. Алайда, қос тарап қазірдің өзінде барлық шартқа (гонорары, өтетін орны) келісіп қойған», деп жауап берді.
Бұған дейін британ боксшысы алдағы жоспарлары жайлы бөлісіп, бір-екі аптаның көлемінде үлкен жекпе-жек жөнінде ұсыныс түсетінін, ал промоутері Фрэнк Уоррен бұл титулды айқас болатын сеніммен айтқан.
Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің 2017 жылы төрт кездесу өткізетінін, оның бірі маусым айында Қазақстанда ұйымдастырылатынын мәлімдеген. Бұл ЭКСПО-2017 кезінде Астанада өтуі мүмкін.
• 24 Қаңтар, 2017
Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45