Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған департаментті басқарған, кейін комитет болып қайта құрылды.
ІІМ басшысы Ержан Саденов Дархан Молдахановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Айта кетейік, Дархан Молдаханов 1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады.
2015 жылдан бастап ҚР ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі қызметін атқарған.
2019 жылдан бері «ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығы болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды