Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бірінші өрт сөндіру жасақтары келген кезде ғимарат шатырының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
«Өртті сөндіру штабы ұйымдастырылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды. Қауіпсіз қашықтыққа 8 газ баллон шығарылды.