Семейдің әуежайын қайта жаңарта, жаңғырта жөндеу сонау Кеңес өкіметі тұсынан бері қолға алынбаған шаруа болғандықтан, ғимаратының әбден ескіріп, тозып кеткендігі жасырын емес.
– Авиациялық қауіпсіздік бізде қалыпты деңгейде, жолаушылар бұл жағына сенімді болсын, – деді аэропорт директоры Нұртай Оспанов, – тек ғимаратымыз ғана тозып тұр. Бұл Қазақстандағы ең ескі әуежай болып саналады. 1982 жылдан бері жөндеу көрмегендіктен авиарейстердің қатары шектелген. Сондықтан да бүгінде Семейден ұшақпен Алматы, Астана, Мәскеу және Өскеменге ғана бара аласыз. Бірақ, жолай ұшып бара жатқан кез келген халықаралық бағыттағы ұшақ, осы жерге қонып жанар-жағармай толтыра алады.
Семей қаласының әуежайы «В» категориясына жатады. Оның ауданы 3 500 шаршы метр. Аэрожүйе жұмысын 136 адам атқарады. Бұл әуежай 1982 жылы іске қосылған. Әуежай 57 421 мың жолаушыға қызмет көрсете алады, оның ішінде 80 пайызы ішкі әуе қатынасы десек, халықаралық байланыс үлесінде – 20 пайыз. Бүгінде түрлі көлік инфрақұрылымы басты назарда. Мұндай жерлерде қатаң бақылау жүргізу, жолаушы азаматтардың еркін жүріп-тұруына мейлінше жағдай жасау – Елбасы тапсырмасымен қолға алынған шаруалардың бірі.
Әуежай күрделі жөндеуден өткен соң толыққанды жұмыс атқармақ. Оны қайта қалпына келтіруге арналған дайын жобалық-сметалық құжаттар бар. Жобалық құны шамамен 10,5 млрд теңге. Семей қаласына Үкімет басшысы бастаған арнайы топ жұмыс сапарымен тамыз айында келген кезде, әуежайды жөндеуге қаражат 2017 жылдың республикалық бюджетінде нақты қарастырылады деген еді. Әлбетте, мәселе неғұрлым жылдам шешілсе, әуе байланысы қызметі де жақсара түседі. Осыған орай жақында қуанышты хабар келді. Осы нысанның директоры Нұртай Оспановтың хабарлауынша, күрделі жөндеу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қазынадан 10 млрд 400 млн теңге бөлінген. Биыл жыл соңына дейін 331 млн теңгесі игерілуі тиіс. Осыған орай облыстық көлік басқармасы мердігерді анықтау үшін байқау жариялаған екен. Жоба бойынша екі жылдың ішінде әуежайдың ұшу-қону жолағынан бастап, барлық инженерлік инфрақұрылымы, аэровокзал ғимараты түгелдей қайта жөнделеді. Қазір мұнда жылына 70 мың жолаушыға қызмет көрсетіледі. Әуежай директорының айтуынша, ұшу-қону жолақтары екі жарым шақырым болса, күрделі жөндеуден кейін 3 шақырымнан асатын болмақ. Ол кез келген алып ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді және халықаралық талаптар деңгейіне сай болмақ. Десек те, қарапайым халық үшін тағы бір проблема – әуежайға жету мәселесі. Семейдің әуежайы дегенде көз алдыңызға Алматының, Өскемен, не Астананың әуежайын елестетіп жүрмеңіздер. Әрине, халқының саны жағынан Өскемен қаласынан көп болса да, Семей қаласының әуежайы қаңырап бос тұрады. Ғимараттың іші өлі тыныштық. Өйткені, жоғарыда әуежай директорының өзі айтқандай, қолдағы бар мүмкіншілікке орай әуежай жартылай ғана жұмыс істеп тұр. Осыдан 30-35 жыл бұрынғыдай бірінен соң бірі қонған ірі-ірі ұшақтарды, құмырсқадай құжынаған халықты мұнан көрмейсіз. Әуежайға келетіндер міндетті түрде қаладан сыртқа шығу үшін такси жалдайды. Үш-төрт жыл бұрын Семей қаласынан әуежайға дейін №33 автобус қатынайтын, не себеп екендігі белгісіз, бұл бағыттан автобус алынып тасталыпты. Алдағы уақытта осы жол қатынасы мәселесі шешілгені де дұрыс болар еді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45