Қостанайда жерді, ауаны таза ұстауды мақсат тұтқан «жасыл міндеттің» қолға алынғаны көпшілікті қуантып отыр. Облыс орталығындағы «МАРТ» сауда-көңіл көтеру орталығына орналасқан «Технодом» сауда үйіне қызғылт сары түсті үш контейнер-жәшік қойылды. Оған тұрғындар істен шыққан батареялар мен ескірген электр құралдарды, жабдықтарды әкеліп тастайды.
– Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Бұл заң шірімейтін қатты қалдықтарды басқару, ауаның ластануын, қоршаған ортаны жақсартатын және өмірдің экологиялық сапасын арттыратын институттық тетікке көшу шаралары секілді көптеген жұмыстарды қамтиды. Осыған сәйкес, бар өңірде қатты қалдықтарды арнайы жинау жұмыстары басталып кетті. Істен шыққан электрлік құралдар мен түрлі батареяларды жинау акциясын ұйымдастыру туралы Энергетика министрлігінің бастамасын қолдаған «Технодом» ірі сауда орталығы «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!» жобасымен іске кірісті. Олар еліміздегі Алматы мен Астанадан бастап, 26 қалада 126 контейнер қойған еді. Міне, жақсы іс Қостанайға да жетті, – дейді облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Сергей Мұқашев.
«Технодом» сауда орталығы қызметкерлерінің айтуынша, контейнерлер істен шыққан батареялар мен ескі электр құралдарына толғаннан кейін, оларды қайта өңдеу үшін зауыттарға жібереді. Өкінішке қарай, Қостанайда әлі мұндай қалдықтарды өңдейтін зауыт жоқ.
– Тұрғындар қазір сауатты, электр батареяларының табиғатқа қауіпті екенін түсінуі тиіс. Онда аса улы химиялық элементтер, сынап, ауыр металдар бар. Бір батарея 20 шаршы метр топырақты улайды, – дейді Сергей Мұқашев.
Соңғы кездерде Қостанай көшелеріндегі, шағын аудандардағы қатты қалдық тастайтын орындарда полиэтилен құтыларға, қолданыстан шыққан лампаларға, шыныларға арналған контейнерлер пайда болды. Мұның барлығы «жасыл экономикаға» ғана емес, «жасыл әлемге» бастайтын жол болып табылады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45