Қостанайлық белгілі суретші Георгий Соковтың кезекті көрмесі оның көрермендерін таңғалдырды. Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхананың кең фойесінде ашылған көрмеге келушілер суретшінің пленэрлік жұмыстарын тамашалады. Оқушы дәптерінің бір парағындай көлемдегі форматтармен ұсынған этюд жанрындағы пейзаждар көрермен көңіліне жылы шуақ сепкендей болады. Туған өлкенің көріністері, тіршілігі көз алдыңа келеді. Тобыл бойының ұзақ қысының қытымыр ауасын, қырмызы көктемдегі гүлдің, ағаш бүршігінің иісін, жайдары жаздың ыстығын, алтын күз лебін сезінгендей боласың.
– Біз көрмені дайындау барысында Георгий Михайлович бұрынғысынша рамкаға салған үлкен суреттер әкеледі ғой деп күткенбіз. Кішкентай, бір параққа салған суреттерді көргенде не айтарымызды білмедік, ал саны қырықтан асатын суреттер келушілерді соншалықты қызықтырды, – дейді кітапхананың өнер бөлімінің қызметкері Ләззат Жақсылықова.
Қостанай өңіріне танымал суретші Георгий Соковтың шығармашылығымен таныс адамға оның қолтаңбасы бірден көзге ұрады. Негізінен, кескіндеме, графика жанрында көптеген шығармалар жазған қылқалам шебері әр жұмысына терең философиялық тақырыптарды арқау етеді және портреттер салатын.
– Мен пейзаж салмаймын, ғұмырымда ол тақырыпқа салған суретім үш-төртеу ғана десем болады. Оны да достардың өтінішімен салған едім. Ал бұл жолғы пленэрлік суреттерді менің «қойын дәптерім» десем болады. Туған өлкенің табиғаты да, адамдары да ғажап. Мен, мысалы, Қостанай көшесінде кетіп бара жатып, өзімнің назарымды қатты аударған көріністерді отыра қалып жазам да, ол суретті сақтап қоя беремін. Ол менің ең көп дегенде 20 минут ғана уақытымды алады. Бұл суреттерден қостанайлықтар туған жер тынысын бірден таниды деп білемін, – дейді Георгий Михайлович.
Суретшінің көп жылдардан бері салып келе жатса да, көпшілік назарына алғаш ұсынып отырған пленэрлік жұмыстарының тақырыбы әр жылдарды, уақыт өзгерістерін де қамтиды. Астасқан алуан түрлі бояу көрерменін ойға жетелейді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55