Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаның 2016 жылғы жұмысының қорытындылары, республикалық бизнес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы төралқа төрағасы Т.Құлыбаев пен басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндады.
Елбасы бизнесті қолдау жөнінде Үкімет мақсатты түрде тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
– Заңнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жоспарлы тексерістер тоқтатылды. Кәсіпкерлер заңнамалық үдерістерге белсене атсалысып келеді, бұл елдің ішкі жалпы өніміндегі бизнестің үлесін арттыруға ықпал етуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет қабылдап жатқан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды.
– Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауға бизнестің лайықты жауап беретін кезі келді. Азаматтарды кәсіпкерлік саласына тұрақты түрде тартып, олардың ел экономикасындағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі ішкі жалпы өнімнің 25%-ын құрайтынын, онда 3 миллионнан астам адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жылы 11,2 трлн теңгенің өнімі өндірілген, бұл – 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6%-ға артық.
Сонымен бірге, басқарма төрағасы Елбасының тапсырмасы бойынша рұқсат беру және бақылау-қадағалау саласында ревизиялық жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның нәтижесінде рұқсат беру құжаттары айтарлықтай азайтылып, жоспарлы тексерістер тоқтатылды.
– Бас прокуратурамен, Парламент депутаттарымен бірлесіп, қазір шағын және орта бизнес қызметінің түрлі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қайта қарастырудамыз, – деді А.Мырзахметов.
Бұдан бөлек, Ұлттық палата басшылығы отандық кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландыру және тиімдірек ете түсу үшін мобильді қызметтер қалыптастыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45