Орталық Азияда экономикалық жағынан күні бүгін ең қарымды мемлекет – Қазақстан. Оның ішкі жалпы өнімі 217 млрд АҚШ долларына тең, яғни бұл – елімізде өндірілген өнімдердің құны. Егер мұны сараптап, мөлшерлесек, көрсеткіш Өзбекстанның ішкі жалпы өнімінен үш жарым есе көп болып шығады. Сол сияқты Түрікменстан мен Тәжікстанды, Қырғызстанды салыстыратын болсақ, олардың экономикалық қуаты да Қазақстан экономикасынан 4,5 пен 3,5 есеге төмен болып шығады екен. КСРО-ның дәуірлеп тұрған заманында құдайы көрші Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі Қазақстаннан көп болғанын білеміз. Қазақстан 90-шы жылдары экономикасына үлкен реформалар жасай отырып, бүгінгі дәрежеге жетті. Осы арада тағы бір салыстыратын қызықты жағдай бар. Мысал үшін айтар болсақ, Алматы қаласының ішкі өңірлік өнімі Қырғызстанның ішкі жалпы өнімімен тең. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?! Қазақстанның осынау жылдар ішінде шын мәнінде аймақтағы қуатты республикаға айналғанын көреміз. Назар аударатын тағы бір жағдай бар, ол – Орталық Азия халықтарының тез өсуі. Жалпы, Қазақстан үшін бұл теңдессіз жақсылық десек, көрші мемлекеттер үшін олардың демографиялық өсуі белгілі себептерге байланысты елдің тұрмысын қиындата түсуде. Қазақстанда жасалған реформалар кезінде Өзбекстанда жасалмай қалды. Ал табиғи байлық жайына тоқталсақ, көрші екі мемлекет те аузын құр шөппен сүртіп отырған жоқ. Өзбекстанда газ бен уран жеткілікті. Ал Қазақстанда сыртқа сататын газы жоқ, есесіне мұнай саудалайды. Сондықтан да, айтарымыз, мәселе тіпті де табиғи байлықтың санында я болмаса мөлшерінде емес екен. Аталған көрші мемлекеттерде реформа белгілері бар, алайда, ол жақын арада оң нәтижелер бере қояды деп айту да қиын. Қырғызстанның реформа үлгілерін қолға алғанына көп жыл болды. Халық тез өсуде, нарықтық реформа кешеуілдеген сайын кешеуілдей түсуде. Мұның барлығы, айналып келгенде, ұлтаралық қатынастардың шайқалуына әсерін тигізді. Қырғызстанда ол екі рет 1990 және 2010 жылы ушығып барып басылды. Қазір халықтар арасындағы ынтымақтастық жолында игі қадамдар жасалуда. Сол секілді Өзбекстан мен Тәжікстан арасында да белгілі дәрежеде өзара қақтығыстар әлденеше рет қайталанды. Өзбекстанда тұратын тәжіктер, Тәжікстанда қоныс тепкен өзбектер көп. Игілік тек қана ынтымақтасқан жағдайда келетіні айдан анық. Тәжікстанда үш жылға созылған Азамат соғысы да елдін есін жиғызбай тұралатып кетті. Бір сөзбен айтқанда, Орталық Азияда шешілмеген бір мәселе тұр, ол – ұлтаралық қатынастар. Үшінші мәселе, аумақта ынтымаққа деген үміт бар, бірақ, соған қарамастан, жағымды өзгерістер әлі де болса төбе көрсетпей тұр. Енді әңгімеміздің негізгі өзегінен ой саралап көрейік. Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері қатынастарының оң әсерлі жағы – Қазақстанға келіп жатқан қазақ көші-қонының 61 пайызы Өзбекстанның үлесінде. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл – атажұртқа оралған қандастарымыздың 600 мыңнан астамы өзбектер жағынан келіп жатыр деген сөз. Бұл – өте оң құбылыс. Мұның Өзбекстанға да пайдасы зор. Елдегі қазіргі жұмыссыздық жағдайында қазақ көші-қонының тиімділігі мол. Қазір екі ел арасында логистикалық бағытта орталықтар құрылып, шекаралық сауданың дамуына мүмкіндіктер берілді. Шекара мен шекара маңында арнайы экономикалық аймақтар бой көтерді. Өзбекстанның жаңа басшылығы жаңа нарықтық реформа жасамақ ниетте. Бұған дейін Өзбекстанның бір қыстағынан қалаға көшудің қиындығы сол, оған рұқсат берілмейтін. Мұндай ұсақ-түйектің барлығы экономиканың түзелуіне тежеу жасады. Реформаның қандай жылдамдықпен қандай бағыттарда жүретінін уақыт көрсетеді. Қазақстан қазір Қырғызстанға инвестиция салмақ. Атап айтқанда, Қазақстанның көрші мемлекеттердің барлығымен де кері сальдосы бар. Бұл, әрине, біз үшін тиімсіз. Көрші мемлекеттердің барлығы бірдей мұны біліп те, көріп те отыр. Сондықтан, бізден тіпті, бидай, металл сатып алуға да ынталы. Қазақстанның инвестиция жасауын күтеді. Өз мүмкіндіктері әзірге қауқарсыз. Қазақстан мен аумақтағы көрші елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық ықпалы туралы бүгін біз қысқаша осындай тұжырым жасар едік. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы АЛМАТЫ
Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Қоғам • Кеше
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Алматы • Кеше
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Мәдениет • Кеше
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Республика күні • Кеше
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ұлытауда колледж кітапханашыларын құрметтеді
Руханият • Кеше
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Шаруашылық • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын
Шаруашылық • Кеше
Географиясы Гиннеспен өлшенген
Қазақстан • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Кітапхана • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қоғам • Кеше
Алматы • Кеше
Байқау • Кеше
Білім • Кеше
Жаңа буынның көзқарасы мен танымы
Республика күні • Кеше
Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері
Марапат • Кеше
Республика күні • Кеше
Қаламгер қазынасы – мұрағат төрінде
Тұлға • Кеше
Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері
Марапат • Кеше
Ұлт тағдырын айқындаған таңдау
Пікір • Кеше
Мәдениет және ақпарат майталмандарының мерейі
Қоғам • Кеше
«Бәйтерек» инвестициялық холдингке айналады
Саясат • Кеше
Мемлекеттік наградалар тапсырды
Марапат • Кеше