29 Қыркүйек, 2016

Шуағын шашқан «Айшуақ»

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Созақ ауданының орталығы – Шолақ­­қорған ауылында «Айшуақ» бала­бақ­­шасы пайдалануға берілді. 280 орын­дық балабақша «ҚазТрансОйл» акционер­лік қоғамының демеушілі­гімен салынды. Балалар мекемесінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 3281 шаршы метрді құраған құрылыс аумағының 1822 шаршы метрінде балабақша орналасқан. Ал оның 1459 шаршы метрі көгалдандыру алаңына тиесілі. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің нұрлы болашағы – балалар үшін барлық жағдайды жасап келеді, – деді «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы. – Жаңадан пайдалануға берілген ғимарат та соның жарқын бір дәлелі. Елімізде балалар алаңсыз өсіп, жақсы тәрбие алу үшін біз де қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Оның үстіне балабақшаның ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы­мен тұспа-тұс келіп отыр. Сон­дық­тан баршаңызды ең үлкен мерекемен құттықтаймыз. Созақ – Оңтүстіктің Сарыарқамен қойындасып жатқан бір пұшпағы. Сондықтан да ел ауызында Теріскей деп аталады. Биыл мұнда төрт бала­бақ­ша ашылған. Жыл соңына дейін тағы үшеуі ашылады деп күтілуде. Сонда мұндағы балалардың бақшамен қамтылуы 88,8 пайызға жетпек. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы