Қыркүйектің 21-і күні Ресей Федерациясының Ханты-Манси автономиялы республикасының орталығы – Югра қаласында ресми түрде ашылған шахматтан әлемнің 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдері арасындағы чемпионатында қазірге дейін 5 раундтың ойындары ойналып бітті. Жарыста күткендегідей, төртінші турдан бастап күшті қарсыластар бір-бірлерімен бетпе-бет кездесе бастады. Бұл олардың арасында негізінде кімнің басты жүлделерге таласатындарын да біршама байқатып қойды.
Жаһандық жарыстың үш категориядағы топ бастаушылары қатарынан біз Ресей, Қытай, Польша, Армения, Грекия, Австрия, Үндістан, Италия, Нидерланд, Иран және Грузия елдерінің шахматшыларын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, бұл сапта Қазақстанның бірде-бір спортшысы жоқ. Біздің өрендеріміз көш бастаған негізгі топ ойыншыларынан ұпай қоры жағынан қазірдің өзінде біраз қалып қойды. Ал 4-раундтың 18 жасқа дейінгілердің кездесулерінде біз үшін нағыз принципті матч таяуда ғана Ресей құрамасы сапына ауысып кеткен бұрынғы отандасымыз Бибісара Асаубаева (суретте) мен Диляра Албекованың арасында ойналды. Бұл кездесуде жасы әлдеқайда кіші Бибісара өзінің бұрынғы жерлес әпкесін ұтып кетті.
Жалпы, біздің шахматшылар турнирде ала-құла ойын көрсетіп келеді. Олардың арасындағы үздік дегендердің өзі бір кездесуде ұтса, келесісінде сәтсіздікке ұшырап қалып жатыр. Әзірге жеңісті жеңіске жалғастырып келе жатқан ешқайсысы жоқ. Мәселен, сайысты айтарлықтай жақсы бастаған 14 жасар Рамазан Жалмаханов 4-5 раундтарда ұшырасқан австриялық Феликс Блогбергерден де, белорус Вячеслав Зарубицкийден де ұтылды. Ал 18 жасқа дейінгілердің өз ішіміздегі лидері Жанат Сайын 4-турда армян Манвел Петросяннан жеңілсе, келесі турда грузин Ираклий Ахвледианиден соның есесін қайтарғандай болды. Сол сияқты 16 жасқа дейінгілердің арасында бізден 1-турдан суырылып алға шыққан Жандос Ағманов 4-раундта ресейлік Олександр Тряпишкомен кездескенде, аттан ауып түскендей күй кешті. Онымен қатарласа шапқан Денис Махнев осы тұста керекті ұпайлар жинауы, соның ішінде Жандоспен ойынды тең аяқтауы арқасында оның алдына түсіп кетті.
Бүгінге дейін қазақстандықтар көшінде турнирдегі әуелгі позициясын көп жоғалта қоймаған Жанат Сайын болып отыр. Ол 10-орында келеді. Содан кейінгі мықтымыз – 14 жасар Әсел Серікбай есепті кезеңде алдымен ресейлік Екатерина Гольцеваға есе жіберсе, соңынан бельгиялық Дария Вандюфюсті сүріндірді. Осының өзі оның бұрынғы 6-орнынан сырғып, 15-басқышқа бір-ақ түсуіне жетіп жатты. Ал бұдан кейінгілердің дүркіреген дүрмекке ілесіп келе жатқандары тек үшінші ондықтың аумағынан ғана қол бұлғай алады.
Чемпионат швейцар жүйесімен өткізілуде. Сондықтан ол 11 раундтан тұрады. Біріншілікке қатысушылар бұрнағы күні үзіліс алды. Ал кеше кешке 6-турдың ойындары ойналды. Демек, осыдан кейін өрмектің жүзі ауғалы тұр. Жарыс сол қарқынымен 3 қазанға дейін барып, тыныс табады. Ертеңіне чемпионаттың жабылу салтанаты өтеді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57