Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семинарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Бағдарламаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыратын болады. Сол үшін биылғы жылдың маусымында палата арнайы агроқұзыреттер орталығын құрды. Осы орталық директоры Төлеутай Рахымбековтің айтуынша фермерлердің негізгі мәселесі ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады.
«Біз барлық Қазақстан бойынша 600 семинар өткізуді жоспарлап отырмыз және он мыңнан астам фермерді қамтамасыз етеміз. Семинар Ауыл шаруашылық министрлігі анықтаған негізгі 25 бағыт бойынша өткізіледі. 13-сі мал шаруашылығы бойынша және 12-сі өсімдік шаруашылығы бойынша. Негізгі мәселелердің бірі – ақпаратпен жеткілікті қамтамасыз етпеу. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары емес. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді үнемі жетілдіріп отыру керектігін айтады. Біздің фермерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс» – деді Т.Рахымбеков.
Сонымен қатар, бағдарламаға шетелдік 25 маман атсалысуда. Қазақстандық дәріс оқушыларды олар семинардың әдісімен таныстыратын болады.
«Қараша айына дейін Қазақстанның барлық облыстарын қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз 10 мың фермерді оқытып қана қоймай, оларды семинар барысында қазіргі заманға сай шешімдер қабылдауға үйрету. Осындай ауқымды бағдарламаға мемлекет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді» – деді Т.Рахымбеков.
Үкіметтің веб-сайтының хабарлауынша, тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын өндірушілерді қолдау және дәріс беру үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы www.fermers.kz интернет порталын әзірлеуге кіріскен. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады.
«Егемен-ақпарат»

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57