• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Наурыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар 1 мыңға жуық отандасымыздың елге оралуына көмектесті

250 рет
көрсетілді

21 наурызда Египеттегі Қазақстан Елшілігі дипломаттарының күшімен Шарм-эль-Шейхтан Нұр-Cұлтан мен Алматыға Air Astana және Scat әуе компанияларының қосымша чартерлік рейстерімен 458 қазақстандық жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала келісім бойынша 22 наурызда Шарм-эль-Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске курорттық аймақтан үйге қайтатын жолаушылар қосылады.

21 наурызда Жапониядағы Қазақстан Елшілігі 4 азаматты елімізге жөнелтуге көмек көрсетті. Соңғы тәулікте Қазақстанға дипломаттардың көмегімен 1 мыңға жуық отандасымыз, соның ішінде Грузия, Египет, Ресей, БАӘ және Жапониядан келген.