«Жол құрылысы активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарына 146 рет инспекторлық бақылаумен шығып, 123 кемшілік пен бұзушылықтарды анықтады. Оның 18 түзетілгенімен қалған 105 әлі түзетілу үстінде, деп жазады Egemen.kz.
Техникалық бақылау үшін жол-құрылысы материалдарының 645 сынамасы алынып, оларға зертханалық зерттеулер жасалғанда 37 пайызы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сай еместігі анықталған. Соның ішінде дымқылдығы, тығыздығы, қысымдылығы және т.б. параметрлері талапқа сай болмаған.
Мұндай материалдар төселген жолдар ұзамай бүліне бастары сөзсіз. Сөйтіп, миллиардтаған бюджет қаражаты желге ұшады.
Солтүстік Қазақстан облысы