# Жануарлар

Алматы • 04 Ақпан, 2026

Сирек аңдармен толықты

Еліміздегі ең үлкен хайуанаттар бағы үшін өткен жыл табыс­ты болды. Былтыр зообақта 31 жануардан 87 төл алынған. Сондай-ақ зообақ коллекциясы бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты сирек кездесетін жануарлармен толығып отыр.

Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026

Жетісуда мал саны өскен

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жануарлар • 23 Қаңтар, 2026

Хайуанаттар шыршаға қарық болды

Алматы хайуанаттар бағында «Шыршаны тапсыр» деп аталған ерекше экологиялық науқан мәреге жетті. Жоба аясында қала тұрғындары жаңа жыл­дық табиғи шырша, майқарағай, қарағай ағаштарын хайуанаттар бағына өткізіп, жануарлардың мекен ету ортасын жақсартуға атсалысты.

Жануарлар • 22 Қаңтар, 2026

«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қорғалатын аумақта мекендейтін сирек кездесетін сілеусінді бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жануарлар • 12 Желтоқсан, 2025

Шекарадағы еліктер қырғыны

Ресей БАҚ-тарында Новосібір облысының елімізбен шектесетін жерінде жүздеген еліктің қырылғаны туралы ақпарат тарады. Түз тағылары көлдерде қатқан жалтыр мұздан тайғанақтап, бері өте алмай тұрып қалған.

Табиғат • 13 Қараша, 2025

Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінетін болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Табиғат • 05 Қараша, 2025

Құландардың саны қаншаға жетті?

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жануарлар • 03 Қазан, 2025

Амур жолбарысы күшіктеді

Жойылуға сәл-ақ қалған Амур жолбарысының зоо­бақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтап, популяцияны қорғауда аса маңызды.

Жануарлар • 26 Қыркүйек, 2025

Киіктің жайын қазақтардан үйренеді

Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің өкілдері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне жұмыс сапарымен келді. Олар оралдық ғалымдардың ақбөкенді қолдан өсіру тәжірибесімен танысады.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика