Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025
Музей ісінен мән кетпесін десек...
Отандық музей саласында, соның ішінде өңірлік музейлерде мәселе шашетектен. Мекемелердің материалдық-техникалық тұрғыдан тозуы, еңбекақының аздығы, мемлекет деңгейінде мамандарды көтермелеудің мардымсыздығы мен жас кадрлардың тұрақтамауы, тағы да басқа күрмеулі жайттар баршылық.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Көктайғаққа байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін таңертеңнен ауа райының нашарлап, жолдардың көктайғақ болуына байланысты 5 облыста көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынып отыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жол жайына қатысты толық ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі
Күзге салым шығыстың бел-белесінде күнбағыс гүлі ұшы-қиырсыз жайқалып тұрады. Шаруалар оның белгілі бір бөлігін экспортқа шығарса, енді бірі елде қалады. Облысымызда «Янтарь» ЖШС кәсіпорнында майын сығып, дәнін үгіп, халва жасайды, сұйық май тартады, бұл өнімге сұраныс та жоғары. Облысымыз өсімдік майын өндіру бойынша елімізде көш бастап тұрғанын да айта кету керек. Жалпы, май өнеркәсібінде өңдеу қуаты 959 мың тоннаға жуық, 13 кәсіпорын жұмыс істейді.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Петропавл қаласындағы инфрақұрылымдық ірі құрылыстардың бірі – шаһарға теміржолдың үстімен тура кіретін көпір. Қалалықтар «Жұмысшы кенті» деп атап кеткен шағын аудандағы осы құрылыс 2023 жылдың күзінен бері салынып жатыр.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Мұнайдың табысты да ұтымды жобалары
«Қарашүңгіл» кен орнынан мұнайдың алғашқы бұрқағы атқылағанына 126 жылдан асқанымен, көмірсутекті шикізаттың қоры әлі таусыла қойған жоқ. Қазір Атырау облысындағы төрт ауданның аумағынан мұнай алынады. «Қара алтынды» отандық мұнай-газ өнеркәсібінің қара шаңырағы – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары үздіксіз өндіріп келеді.