Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025

Көктайғаққа байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін таңертеңнен ауа райының нашарлап, жолдардың көктайғақ болуына байланысты 5 облыста көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынып отыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жол жайына қатысты толық ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көктайғаққа байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: obltv.ru

Ақмола облысы: 

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» күре жолының 232–304 шақырым аралығында (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейін) жол жабық. 

Өңірдегі тағы бір республикалық маңызы бар «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» 135–280 шақырым аралығында (Астараханка ауылынан Атбасар қаласына дейін) барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304–341 шақырым аралығында да жол жабылды (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Сондай-ақ «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0–61 шақырым аралығында (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) көлік қозғалысы шектелді.

«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2–50 шақырым аралығында (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Келлеровка ауылы) да жабылды.

«Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61–91 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін) мен «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50–85 шақырым арылығында (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы) көлік қозғалысы шектелді. Аталған күрежолдарды 30 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы: 

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970–1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 248–359 шақырым аралығында (Атамекен кентінен Ақсу-Аюлы кентіне дейін) жол жабылды. 

Өңірдегі «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 164–197 шақырым аралығында да (Теміртау ақы алу пунктінен Қарағанды қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, жолды сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135–1206 шақырым аралығында көлік қозғалысы шектелді. (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). Аталған жол бөлігін 15:00-де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы: 

Таңғы сағат 9: 00-ден бастап «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8–108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 30 желтоқсан сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар