Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қазақ жеріне табан тіреген талай этнос ризашылығын білдіретін Алғыс айту күні ел бірлігінің рәмізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған тарихи датамен тікелей байланысты. Үш онжылдықты еңсерген ұйым бүгінде қоғамдық келісімнің темірқазығына айналып, сан алуан мәдениетті ортақ мүдде аясына ұйыстырды. Уақыт сынынан өткен іргелі институт құрылымы елдегі саяси жаңғыру кезеңінде қалай өзгереді?
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Біз «алғыс», «рахмет» сөздерін өте жиі қолданамыз. Бұл, бір жағынан, ортамыздағы адами қатынастың жақсы деңгейін білдірсе, екіншіден, өзара сыйластықтың өлшемі секілді көрінеді. Осы екі сөздің шығу төркіні мен табиғатына аз-кем үңілсек, артықтық етпес.
Құтқарушы • 28 Ақпан, 2026
Халық құрметтеген құтқарушылар
Халықтың қошеметіне бөленіп, алғысына кенелгені көп насихаттала бермейтін сала қызметкерлері – төтеншеліктер. Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынысты мекеменің жүрек жұтқан, қандай қауіп-қатерге де қасқайып қарсы тұратын жауынгерлерінің жарқын істері әрдайым құрметке лайық. Күн мен түн алмасқан тәуліктің әр мезетінде қалтқысыз қызмет атқаратын құтқарушылар – нағыз от пен су кешетін жандар.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Күні бүгінге дейін 5 мыңға жуық операция жасаған білікті травматолог дәрігер Ербол Шыршықбай алғыс арқалап жүрген абзал жан. Гиппократ антына адалдық танытып жүрген оған үлкендердің ақ батасын, кішілердің ризашылығын алу күнделікті дағды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бүгінде Қостанай облысында 85 мыңнан аса украин ұлтының өкілі тұрып жатыр. Олардың ішінде ел қатарлы адал еңбек етіп жүрген қарапайым жандар, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, түрлі салада жоғары жетістікке жеткен үлгілі азаматтар көп.