Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Алматы облысында табиғи өрттің алдын алу, оларды жою бағытында заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Соның бірі – интеллектуалды бейнемониторинг жүйесі. Жүйе жоғары тиімділігін көрсетіп, орман өрттерінің қаупін 14 есе қысқартуға мүмкіндік туғызып отыр.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Қыс мезгілінде су айдындарын мұз басады. Осы кезде судағы тіршілік иелері тұншықпас үшін балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен табиғат жанашырлары аэрация жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Спорт • 03 Наурыз, 2026
Болгарияның бас шаһары – Софияда ұйымдастырылған Странджа кубогінде еліміздің боксшылары 9 жүлде – 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында 50 кг салмақта сынға түскен Даниял Сәбит жартылай финалда Асилбек Джалиловтан (Өзбекстан), шешуші сында Билалхабаши Назаровтан (Әзербайжан) басым түсті. Финалда Лавант Броунли (АҚШ) есе жіберген Фарух Тоқтасынов (70 кг) күміс медаль иеленді.
Көрме • 03 Наурыз, 2026
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде суретші-монументалист, график, кескіндемеші әрі сәндік-қолданбалы өнерде өз өрнегін қалыптастырған шебер Қами Айтқалиевтің «Сан ғасырлық сарын» атты көрмесі есік ашты.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Елордада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шарасы өтті. Жүгіруге 400-ден аса саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.