Пікірлер
Әлеуметтік желіде мұсылман мемлекеттерінің ғылым мен білім дамуында артта қалуын діннен көріп: «Ислам бізді орта ғасырға сүйрейді», «Дін – қараңғы ін» деп пікір топшылаған постарды жиі көзіміз шалады. Қайсыбіреулердің ата-бабадан қалған рухани құндылықтарымызды аяққа таптап жатқанын көргенде жаның күйзеледі.
30 Қаңтар, 2025
Спартандықтардың тапқырлығы ретінде жиі айтылатын мына бір сөзді есіме алған сайын бізге әр мәселені өзгеше ойлау мен түйіндеудің ауадай керек екенін түсінемін. Аталған аңыздың ұзын-ырғасы мынадай. Бірде Македония патшасы ІІ Филипп грек қаласының тұрғындарына былай деп хат жазады: «Тез арада маған бірден бағыныңдар. Егер әскерім сендердің жерлеріңе басып кірсе, барлық егін, бау-бақшаларыңды құртады, ұлдарыңды құл, қыздарыңды күң етуге де дайынбыз», дейді. Спартандықтар оған бір ауыз сөзбен жауап қайтарады: «Егер...».
21 Қаңтар, 2025
Ақтау маңында Әзербайжан әуе жолдарына (AZAL) тиесілі Embraer E190 ұшағының апатқа ұшырауынан кейін көпшілікті «Әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз?» деген сұрақ мазалап жүр. Елімізде ұшақтан бас тартып, билеттерін пойызға ауыстырып жатқан адам көп. Жұрттың бұл қорқынышы мен абыржуы қаншалықты орынды? Ұшақ шынымен өмірге қауіпті көлік пе?
15 Қаңтар, 2025
Судың иесі де, киесі де болуы керек
Су мәселесі жылдан-жылға өршіп барады. 2023 жылға дейін онымен айналысқан мемлекеттік органның болмауынан су шаруашылығының жағдайы нашарлап кетті. Қолданыста болған әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың ұзақ жылдардан бері қордаланып қалған түйткілдерді дер кезінде шешпеуі себепті ел де, жер де суға деген зәрулікті осы күнге дейін сезініп отыр.
11 Қаңтар, 2025
Шалкиіз жыраудың «әділ төре ел бастар» деген сөзі бар. Жыраулар поэзиясында кеңінен насихатталған бұл ұғымдар кейін Абай, Шәкәрім еңбектеріне ұласты. «Адал жүріп, адал тұр, счетің тура келуге» дегенде Абай қоғам мен Құдай алдындағы есепті қоса айтқанға ұқсайды. Адамдық қасиеттің негізі саналатын осы адалдық ұғымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың басты ұстыны еткені тегін дейсіз бе? Біздің халықтың сонау түп-танымынан келе жатқан қасиеттер негізінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тұжырымдама ұсынып, жасампаздық және жаңашылдық басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
07 Қаңтар, 2025
Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.
01 Қаңтар, 2025
Батыстың дамыған ел болуы білім, мәдениет, құндылықтарды сақтау, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, мейірімділік секілді мінез-құлық, әдеп-әдеттің оң әсерінен екені белгілі. Бірақ елдің өркендеуі мен халықтың жақсы тұрмысы ең алдымен олардың үнемшілдік мәдениетінде жатыр.
10 Желтоқсан, 2024
Біз өз құндылықтарымызды нақтылап, екшеп, таразыға салып, тани білмесек, оларды қоғамымызды дамытуда, ұлтымыздың келешегін қамдау жолында басшылыққа алмасақ, өзіндік ұстаным, таным-түсінік, болмысымызды, ұлттық келбетімізді сақтай отырып өркениет көшіне ілесе алмаймыз. Сондықтан бізге жалпыұлттық құндылықтар жүйесін белгілеп, оны бекіту аса маңызды.
28 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тұлғаларға ескерткіш орнату мәселесіне назар аударып, Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда айрықша айтқаны белгілі: «Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды», деді Президент.
14 Қараша, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің 105 жылдық белесі тұсында жалпы ұлт баспасөзі, журналистика бастауы, сабақтастығы туралы ой қозғауға мүдделіміз.
13 Қараша, 2024
Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы қайта жаңғырған ұлттық мерекені «Азаттықтың алтын қазығын қаққан күн» деп сипаттады.
04 Қараша, 2024
Берқайырдан сыр тартсаңыз, бүгінгі қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен молынан хабардар боласыз. Оқығаны, одан түйгені көп. Өзі байқағыш. Аңғарымпаз. Сондықтан да болар, қоғамдағы барлық жетістік пен жасампаз істер, қойыртпақ пен келеңсіздік жөніндегі ақпараттар ішінде толып жүреді.
03 Қараша, 2024
Жуырда бес тілді жетік меңгерген, бес дипломы бар қазақ ғалымының Жапония ғылымын дамытуға кеткенін отандық БАҚ жарыса жазды. Өз жерінде мардымды қызмет таппаған соң, шетел асуға мәжбүр болған. Ал шекара асқан «ақыл-ой ағынының» қайта оралатыны күмәнді. Сонда Мемлекет басшысының ғалымдарды қайтару керек деген Үкіметке тапсырмасы не болмақ? Осы орайда дамыған елдердің ғылымы тәжірибелі ғалымдармен емес, тәжірибе жинақтап жатқан қызметкерлермен де мықты дамып жатқанын ескеру керек.
02 Қараша, 2024
Қайбір жылы жазғы демалыстың он бес күнін Қаратаудың күнгей беті – Абай ауылында өткізуді жөн көрдік. Өзен бойлай орналасқан ауылда сауынды бие ұстайтындар баршылық. Солардың бірімен келісіп, саумал ішсек дегенбіз. Үй иесі жақсы қарсы алды, үлкен үйіне жайғастырды.
01 Қараша, 2024
Атом энергетикасы: ғылым мен инновация өрісі
АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруда айрықша маңызға ие. Ол тек энергия көзі емес, сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылып, өндіріс пен өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.
26 Қыркүйек, 2024
Бірде уикипедиядан қазақ халқы туралы мақаланы оқып отырып, бір қызықты «дерекке» кезіктім. «Сөйлейтін тілі» деген бағанға «қазақ, орыс, шала қазақ тілдері» деп жазып қойыпты. Оқыдым да қайран қалдым. Қазақтың бір бөлігі орысша шүлдірлейтіні рас. Оған дау айта алмайсың. Енді «шала қазақ тілі» қайдан шыққан деген сұрақ санамда тұрды да қойды.
21 Қыркүйек, 2024
Бүгінде өмірімізді ақпараттық технологияларсыз елестете алмайтынымыз белгілі. Тіпті адам баласы әлмисақтан әлеуметтік желілерге кіндігі байланып қалғандай күйге жеттік. Замана игілігі кейде әлін білмегеннің беліндегі шоқпар, есі кірмеген баланың қолындағы өткір пышақтай қорқынышты. Кибералаяқтар ақпараттық технологиялардың арқасында оңай байлыққа кенеліп, талай адам жиған-тергенінен әп-сәтте айырылып отырған жағдайы бар. Ақшадан айырылған бір бөлек те, ал абыройдан айы рылғанның орны қалай толмақ?
20 Қыркүйек, 2024
Үнді қайраткері Жавахарлал Неру: «Отар елдің тарихын отарлаушы жазады» дегендей, кезінде біртуар ақын Ғафу Қайырбеков: «Осы басқаның патшаларының бәрі жақсы , қазақтың хандары неге жаман?», деп кеңестік қоғамға сұрақ қойғаны да белгілі. Расында, отарланған елдің шынайы тарихы ешқашан жазылмайды.
18 Қыркүйек, 2024
Ядролық отынды пайдалану тәуекелі
Болашақта радиоактивті қалдықты қайта өңдеп, қажетке жаратуға отандық ғылым қабілетті ме? Әлем тәжірибесінде ядролық отын қалай өңделіп жүр? АЭС туралы әңгіме қозғай қалсақ, ядролық отынның жай-күйі міндетті түрде сөз болады.
14 Қыркүйек, 2024
Ғылыми жиын өтетін жерге жеттік. Грант алған ғалымдардың зерттеу жобалары таныстырылып жатыр. Өте жақсы жұмыстар бар екен. Соның ішінде жалпы сомасы 750 млн теңге тұратын жобаның жетекшісі әрі авторымен әңгімелескіміз келіп, ниетімізді ұйымдастырушы тарапқа білдірдік. Баспасөз қызметкері жүгіріп жүріп, спикерді сұхбат беруге ыңғайлы тұсқа жетектеп әкелді.
13 Қыркүйек, 2024