Редакция таңдауы
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауыты салынады
Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге келді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
07 Сәуір, 2026
Биыл ақмолалық диқандар егістік алқабының көлемін 5,6 млн гектарға жеткізбек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 35,5 мың гектарға көп.
07 Сәуір, 2026
Өрт сөндіру техникасымен толықты
Орман шаруашылығы қызметкерлеріне заманауи үлгідегі өрт сөндіру техникалары берілді. Ақмола облысындағы орман шаруашылығы мекемелері 13 бірлік өртке қарсы техникамен толықты. Мамыр айында тағы берілмек.
07 Сәуір, 2026
Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында бой көтерген саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед, жүгіру жолақтары бар.
07 Сәуір, 2026
Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды
Премьер-министр Олжас Бектенов орталық мемлекеттік органдардың, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ басшыларының қатысуымен Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
07 Сәуір, 2026
Геологиялық әлеуетті күшейту – басым бағыт
Премьер-министр Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты. GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялар өкілдерін біріктірді.
07 Сәуір, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, «Kazakhstan Machinery Fair 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі отандық өндірушілердің жобаларымен танысты.
07 Сәуір, 2026
Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысты.
07 Сәуір, 2026
Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет
Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау жайы талқыланды. Сондай-ақ депутаттар, сарапшылар мен Үкімет бірлесіп атқаратын алдағы жұмыстың маңызды міндеттері айқындалды.
07 Сәуір, 2026
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді
Электр энергиясы нарығында электронды шот-фактура жазып беру мерзімі салалық ерекшеліктерге байланысты қайта қаралып, кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2026
Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды
Алматы қаласында қазақстандық технологиялар негізінде өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
06 Сәуір, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы қатысты. Негізгі назар – экономиканы ырықтандыру, бәсекелестікті дамыту және нарықтағы кедергілерді жою мәселелеріне аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2026
Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, 75,97 жасты құрады. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары нәтиже, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Сәуір, 2026
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2026
«Digital Qazaqstan»: Шымкентте Қазақстан математиктерінің конгресі өтті
«Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында Шымкентте Қазақстан математиктерінің алғашқы конгресі өтті. Форум математиканың ЖИ-экономикасы мен цифрлық трансформациядағы рөлін қайта пайымдауға, жаңа ғылыми күн тәртібін қалыптастыруға арналған. Бұл туралы конгрес барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Сәуір, 2026
Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді
Қазақстан Республикасы терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына кірді. Бұл көрсеткіш 2026 жылға арналған Жаһандық терроризм индексінің (GTI) деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2026
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады
Елімізде жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам жас маман баспанамен қамтылған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2026
800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды
Павлодар облысында полиция жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның бұл әрекеті анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жобалардың жүзеге асуын талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Өскеменде қаланың бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталып, үкім жарияланды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2026