Редакция таңдауы
Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді
Абай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ормандарды қорғау және сақтау ісінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Осы мақсатта ол «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, өртті ерте анықтауға арналған жүйелердің дайындығына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Вице-министр жанармай құнының өзгеруі туралы
Сенатта өткен брифинг барысында журналистер мораторий аяқталғаннан кейінгі бір аптада жанармай бағасының қаншалықты өзгергенін сұрады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, жанар-жағармай бағасы қазіргі уақытта нарықтық тетікпен қалыптасады және мемлекет тарапынан тікелей реттелмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды
Көшеде самса сататын адамға санитарлық кітапша қажет, ал адамның жан дүниесімен жұмыс істейтін мамандарға талап болмауы – қоғамдағы өзекті мәселе. Аталған олқылықты мәселені көтерген депутат Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа заң жобасына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханада жатыр, деп жазады Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Оғыз мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен Ұлттық музей мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе Ыстанбұл қаласындағы Түрік және ислам өнері музейінде «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық көрме ұйымдастырды.
09 Сәуір, 2026
Кіріс артып, инфляция төмендеді
Биылғы бірінші тоқсанда бюджет кірісі артып, инфляция қарқыны біршама баяулағаны байқалды. Сарапшылар мұны ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен кейінгі қысқамерзімді баға өсімінің әсері біртіндеп басылғанымен байланыстырады. Былтырғы жылдың соңы мен биылғы қаңтар-ақпан айларында бұл фактор экономикаға сіңіп, қазір инфляцияға айтарлықтай ықпал ете қоймады.
09 Сәуір, 2026
Туристік маусымға әзірлік жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жетісу облысындағы туристік инфрақұрылымның жазғы маусымға дайындығымен танысып, Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйін тексерді.
09 Сәуір, 2026
Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне несие беру жөніндегі инвестициялық банкі және басқа да ұйым өкілдері қатысты.
09 Сәуір, 2026
Адам қауіпсіздігіне қатысты заңдар қаралды
Елімізде психологтердің қызметін реттейтін дербес заң қабылданбақ. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен отырыста депутаттар «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға түзетулер енгізді.
09 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов: Инфляция деңгейін төмендету саясаты жалғасады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне несие беру жөніндегі инвестициялық банкі және басқа да ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Жанарбек Әшімжан: Ақылгөй коучтартардың сабағы отбасында шырғалаң тудырып отыр
Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан соңғы уақытта коучтар мен тренерлер кеңесі азаматтардың жеке өміріне кері әсер етіп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Ғимарат электр желісінен толық ажыратылды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайға байланысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырында болған өртке қатысты ахуал жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді
Елімізде инфляция деңгейінің төмендеу үрдісі қатарынан 6 ай бойы сақталып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2026 жылдың наурызында инфляция 0,6% болды, ал жылдық көрсеткіш 11,0%-ға дейін баяулаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді
Таяуда Жоғары аудиторлық палатасы Қостанай облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесін жариялады. Қорытындыға қарағанда, облыста жалпы өңірлік өнім өсімі тіркелгенімен, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлі де тұрақты сипат ала қоймаған.
08 Сәуір, 2026
Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы
2026 жыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды кезеңге айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі түбегейлі өзгерістер мен әлемдік ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағдар ретінде мықты демократиялық институттары бар, құқық үстемдігі орныққан Әділетті мемлекет құруды нақтылады. Реформаның нәтижесі болып отырған жаңа Ата заңның басты мақсаты – заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
08 Сәуір, 2026
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында биылғы қаңтар–наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіші қаралды.
08 Сәуір, 2026
Көмір саласы кешенді дамуға бет алды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту мен көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды.
08 Сәуір, 2026
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына қатысты жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығы жерлерін беру тетігін электрондық конкурстарға көшіруге бағытталған түзетулерге арналды.
08 Сәуір, 2026
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды талап етті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, декп хабарлайды Egemen.kz.
07 Сәуір, 2026
Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды
Елде Конституция нормаларын кеңінен түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға тиісті іс-шаралар жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Сәуір, 2026