он
Спорт • 19 Мамыр, 2024
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 17 Мамыр, 2024
Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді
71 кг салмақ дәрежесінде ел құрамасы сапына жаңадан қосылған Аман Қонысбеков «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінде бұрынғы командаласы, Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Мамыр, 2024
Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті
10-14 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектепте «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған конкурс Астанада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – білім алушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық пен тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ерекше балалардың шығармашылық қабілетіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті
Абзал Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
Қазақстанда жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Oceanman: Елдар Шекербек Испаниядағы чемпионатта алтын олжалады
Қазақстан спортшысы Елдар Шекербек Испаниядағы Балеар аралдары маңында Жерорта теңізінде өткен ашық суда жүзуден OCEANMAN 2024 SPAIN чемпионатының кезекті жарысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 15 Мамыр, 2024
Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді
2024 жылдың күзінде танымал әнші Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Зерде • 14 Мамыр, 2024
Әлемдік ғылыми-инженерлік байқауға елімізден 3 оқушы аттанды
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында 70-тен астам елдің 2 000 оқушысы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауы 13 мамыр күні ашылды. Оған елімізден 3 жас инженер аттанды. Қазақстан құрама мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Кредит алып, казино ойнаған: Колония басшысы қамалды
Алматы облысының прокуратурасы түзету мекемелеріне тексеру жүргізді. Нәтижесінде сотталушылар елеулі заң бұзушылық әрекеттерін жасағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп, оған 26 елден 1 мың 174 жас шахматшы қатысты. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейдің оқушысы Айару Алтынбек жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Ел азаматтарына газ баллонымен жүру тиімді, бірақ ол қаншалықты қауіпсіз?
Соңғы кездері көлігін газ баллонына ауыстырған Қазақстан азаматтарының саны артып келеді. Көгілдір отын кәдімгі бензин мен дизельге қарағанда арзанырақ. Көбінесе оны қалааралық тасымалдаушылар пайдаланады, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан дзюдошылары анықталды
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында осы айдың 19-24 күндері аралығында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 13 Мамыр, 2024
Қазақстан құрамасының жаңа боксшысы дебютте қарсыласын нокдаунға жіберді
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков осы жылдың ақпан айында Қазақстанға қоныс аударғаны хабарланған еді. Бүгін ол Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет шаршы алаңға шықты. Аман Қонысбеков алғашқы раундта қырғыз боксшысын 2 рет нокдаунға жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздар анықталды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздардың анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Мамыр, 2024
Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Отандасымыз, кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында кезекті рет рингке қашан шағатынын айтты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Мамыр, 2024
410 үй мен ауладан 1,1 млн текше метрден астам су шығарылды
Су тасқыны ахуалы ерекше бақылауда тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Мамыр, 2024
Grand Slam турнирі: Ғалия Тынбаева чемпион атанды
Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam додасында Қазақстан спортшысы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Мамыр, 2024
Президент «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Мамыр, 2024
Қостанайлық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Бүгін, 10 мамыр Қостанай облысының Мичурино кентінде макулатурасы бар қойма аумағында өрт болды. Облыстың өрт сөндірушілері өрт аумағынан 5 тұрмыстық газ баллонын алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Мамыр, 2024
Пара каноэдан лицензиялық турнирге елімізден 4 спортшы қатысып жатыр
Венгрияның Сегед қаласында пара каноэдан лицензиялық Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2024
Әйелдерге арналған вагондарға сұраныс 2 есе артқан
Елімізде әйелдер вагондарын таңдайтын жолаушылар саны 2 есе артты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Өлім фабрикасы - «Освенцим» лагері туралы не білеміз?
XX ғасыр адамзат тарихында аса ірі әрі қанды оқиғалармен есте қалды. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс та бар. Қанды майданнан бөлек, миллиондаған адам «азаптау лагерлерінде» жазықсыз жан тапсырды. Қолдан жасалған геноцид тұтас ұлттың жойылып кетуін көздеген. Үлкені мен кішісіне де, жасы мен кәрісіне де қатігездік танытқан фашистік Германия «Освенцим» лагерін құрып, жантүршігерлік эксперименттер жасаған.
Президент • 08 Мамыр, 2024
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2024
Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам жазаланды
Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2024
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Мамыр, 2024
Жас сарбаздарды әскерге бейімдеу - маңызды міндет
Әскери әлеует – әлем елдері үшін маңызды өлшем. Тыныштық пен тұтастықтың қалқаны – қарулы күштер. Шекара шебін шегендеп, әуе – теңіз торабын табан аудармай торуылдап, қорғау – бейбітшілік бесігі шайқалып тұрған жаһан жағдайында салмақты міндет.
Бокс • 06 Мамыр, 2024
Төрехан - төрт дүркін Азия чемпионы
Астанада жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионаты финалында Төрехан Сабырхан (67 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.