Қоғам • 08 Мамыр, 2024

Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам жазаланды

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам жазаланды

Фото: видеодан скриншот

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Авторы оқиғаның Қонаев қаласында болғанын айтты.

Алматы облысының полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Құқық бұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», деп хабарлады полиция.

ПД видео авторына белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғысын білдірді.