Қоғам • 13 Мамыр, 2024

Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Фото: ult.kz

37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған.

«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекенжайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай, 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», делінген The standard таратқан хабарламада.

Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. 

Айта кетейік, Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.