Бокс • 06 Мамыр, 2024

Төрехан - төрт дүркін Азия чемпионы

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионаты финалында Төрехан Сабырхан (67 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрехан - төрт дүркін Азия чемпионы

Фото: boxingkazakhstan инстаграм парақшасы

Ол өзбек боксшысы Мухамедазизбек Исмоиловты 5:0 көрсеткішімен ұтты.

Төрехан Сабырхан - төрт дүркін Азия чемпионы.

Атап айтқанда, ол бұған дейін 2021 жылы 52 келі бойынша, 2022 жылы 57 келіде, 2023 жылы 63,5 салмағында Азия біріншіліктерінде чемпион атанған.