П
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ертең Қостанай облысында Алаш арысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Қыркүйек, 2025
Келешек мектебі: Қазақстандағы орта білім сапасын арттырудың жаңа парадигмасы
Қазіргі заманның талабы – балаларға сапалы білім беру. Өйткені мықты мектеп – мықты елдің негізі. Осыны ескерген мемлекет соңғы жылдары білім саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның ең үлкен қадамы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл жоба жаңа мектептер салумен қатар, оқыту әдісін жаңартып, балаларға заманауи әрі қауіпсіз орта құруды мақсат етеді.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Президент қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы күшейтті
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 19 Қыркүйек, 2025
Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Каспий мен Бозжырада Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы түсіріліп жатыр
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System телекомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық жобасының түсірілімдері еліміздің ең көрікті өңірлерінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды
Бүгін Қытайдың Бейжің қаласында басталған маңызды іріктеуде ел атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қыркүйек, 2025
FIFA президенті Қазақстан футболшыларын құттықтады
ФИФА президенті Джанни Инфантино Instagram парақшасында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровты және барша қазақстандық жанкүйерлерді Талғар қаласында ашылған ФИФА-ның Talent Academy мәртебесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Қыркүйек, 2025
Діни араздық тудырған 11 адам сотталды
Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген 16 жасөспірімді ұстады. Ұсталғандардың бірі – Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны алаяқтарған жаңа SIM-карта жеткізіп беріп тұрған. Кейін бұл нөмірлер әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жалған аккаунт ашуға пайдаланылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Пойыз бен көлік соқтығысып, бір отбасы қаза тапты
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам мерт болды. Қаза тапқандардың екеуі — бір отбасының мүшелері, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстан «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешеніне қатысты хаттаманы ратификациялады
Мемлекет басшысы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы қаулы шығарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы құжатқа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тұтанған өрттің аумағы 15 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 300-ге жуық маман мен 140 техника тартылды. Өртке қарсы күреске төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Демеу Жадыраев әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді
20 қыркүйек «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне орай елордалықтар жалпықалалық сенбілікке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды
Борышкерлерді анықтайтын «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілді. Оны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда Target платформасына 8 мың камера қосылады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Полиция департаментіне барып, ішкі істер органдарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы беріледі
2025 жылдың басынан бері еліміздегі көп балалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы сомасы 404,3 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Бұл көмек 855 мың отбасыға берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зақымданды
Өткен түні Астана қаласы Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 17 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында есірткі тасымалдап жүрген жасөспірім ұсталды
Қостанай облысында өтіп жатқан «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды сақтап, таратты деген күдікпен 16 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 17 Қыркүйек, 2025
1 қазанға дейін мүлік салығын төлемесеңіз, өсімпұл қосылады
Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеудің соңғы мерзімі – 2025 жылдың 1 қазаны екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда мемлекеттік сатыпалым жүйесі бірыңғай цифрлы платформаға көшірілді
Қазір мемлекеттік сатыпалымның барлық процесі (жоспарлаудан бастап төлемге дейін) www.goszakup.gov.kz веб-портал арқылы электронды форматта жүзеге асырылып келеді. Бұл барлық бизнес-процесті толық автоматтандыруға жол ашты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Президент: Алтайды терең зерттеу – түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Жетісайда 18 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) байланысты ірі көлемде қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды. Прокуратура тексерісі барысында кейбір отбасыларға негізсіз төлемдер жүргізілгені және құжаттарда жалған қорытындылар рәсімделгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.