
Фото: Ерлан Омар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тек тамыз айының өзінде 846,8 мың адам жалпы сомасы 49,8 млрд теңге төлем алған. Оның ішінде:
- көп балалы отбасыларға жәрдемақы – 43,3 млрд теңге сомасында 602,3 мың отбасы;
- наградталған аналарға жәрдемақы – 244,5 мың адамға 6,5 млрд.теңге.
Естеріңізге сала кетейік, көп балалы отбасыларға жәрдемақы бірге тұратын төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға немесе күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі студенттерге табысына қарамастан тағайындалады.
2025 жылы төлемдер мөлшері балалардың санына байланысты:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Аталған жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
- «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
- «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.