ат
Оқиға • 07 Қазан, 2025
Бестеректе болған апаттан зардап шеккен тағы бір бала көз жұмды
Үржар ауданының Бестерек ауылында 19 тамызда болған қайғылы жол апатынан кейін бір айдан астам уақыт комада жатқан қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді. Биылғы суару маусымында ел көлемінде жалпы 11,01 млрд текше метр су алынған, оның 98 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Алматы облысында кәсіпкердің кеңсесін тонаған қылмыстық топ ұсталды
Алматы облысы Талғар ауданында жеке кәсіпорын кеңсесіне жасалған ірі ұрлық әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
11 қылмысты ізін суытпай әшкерелеген жедел уәкіл марапатталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік жедел уәкіл-2025» байқауында Байғанин аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ырзалы Сағынғалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2025
Азаматтық форум қарсаңында білім және азаматтық қоғам өкілдері ашық диалог өткізді
Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 06 Қазан, 2025
Cирек кездесетін аң бейнежазбаға ілінді
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Алматы облысы) аумағында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) кездескен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Қазан, 2025
Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы матч өткізеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазан күні 19:00-де әлем чемпионатына іріктеу аясында кезекті ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қазан, 2025
Елімізде бастырылған астық көлемі 20,8 млн тоннаға жетті
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналып, 20,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қазан, 2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 3 қазаннан бастап аталған лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Алматы әлемдік қолөнер қаласы мәртебесін алды
Бұл мәртебе қаланың Орталық Азиядағы жетекші мәдени және туристік орталық ретінде беделін күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қазан, 2025
Депутат Құспековтің бастамасымен Қазақстанның крипторезерві құрылады
Бүгін Қазақстан ұлттық экономика тарихына енетін маңызды қадам жасады. Әлемнің жетекші державаларының тәжірибесіне сүйене отырып, еліміз мемлекеттік крипторезерв қалыптастыруды қолға алды. Бұл – қаржы тұрақтылығын күшейтіп, Қазақстанды жаңа цифрлық экономиканың көшбасшыларының қатарына қосуға бағытталған стратегиялық құрал болмақ.
Білім • 05 Қазан, 2025
Робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз
Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Қазан, 2025
Құрылыс сапасына назар аударды
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 05 Қазан, 2025
Атырауда алаяқтық үшін сотталған блогер Рано Нигметова әйелдер колониясына этапталды
Апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағаннан кейін ірі сомада және гүл тапсырыстарына қатысты алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 6 айға сотталған әйел Алмагүл ықшам ауданындағы әйелдер колониясына этапталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2025
Шавкат Рахмонов октагонға оралуына қатысты мәлімдеме жасады
UFC-де жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатқан қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялап, келесі жекпе-жекке белсенді дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 05 Қазан, 2025
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбазы көз жұмды
5 қазан күні Алматыда ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2025
"Қайрат" капитанымен келісім-шартты тағы бір жылға ұзартты
"Қайрат" ФК Беларусь құрамасының қорғаушысы Александр Мартыновичпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады. 38 жастағы футболшы Алматыда тағы бір жыл өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Қазан, 2025
«Қазақфильм» өндірістік нысандарының мемлекет меншігінде қалатынын ресми мәлімдеді
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өзінің барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 04 Қазан, 2025
Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы ретінде Руслан Берденов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Қазан, 2025
Атырауда полиция формасын киген мас ер адам жедел жәрдемде төбелес шығарды
Атырауда күштік құрылым қызметкерінің формасына ұқсас киім киген мас ер адам жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Қазан, 2025
Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды
Атырау қаласында орналасқан мейрамхана кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Қазан, 2025
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Қазан, 2025
Алматының тергеу изоляторында судья қайтыс болды
Алматыдағы тергеу изоляторында Арнайы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың судьясы қайтыс болды. Бұған дейін ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан пара алу және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген еді. Ақпарат Telegram-арналарда жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қазан, 2025
Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды
Қостанай облысы прокуратурасы ғимаратында Қостанай облысының жаңа прокуроры – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сексембаевты ресми таныстыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Қазан, 2025
Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды
Жалған тіс дәрігерінің стоматологиялық қызмет көрсетуге қажетті құжаттары да болмаған. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Қазан, 2025
Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның отырысына қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады
Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Е-Sport цифрлық платформасы іске қосылады
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.