Қылмыс • 27 Желтоқсан, 2025

Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузияда ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузияда ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Күдікті 2023-2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқара отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы іс жүзінде жұмыстарды орындамай жалған шот-фактураларды жазу схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде мемлекетке шамамен 1,3 миллиард теңге көлемінде салықты төлемеу түрінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар