Оқиға • Бүгін, 09:30

Атырауда базар өртенді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінің аумағында киім дүкенінен өрт шықты. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі келгенде контейнер үлгісіндегі дүкеннен шыққан қызыл жалынның басқа аумаққа таралу қаупі жоғары болған, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда базар өртенді

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің таралуына жол бермей, 500 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндірген. 

Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылған.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

Айта кетейік, 26 желтоқсан күні Астанадағы «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан мейрамханадан да өрт шыққан еді. 

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43