Ар
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 519,61 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,63 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 15 желтоқсанға арналған ресми бағамы 522,38 теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ақкенженов: Мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артты
2025 жылғы Үкімет қызметінің қорытындыларын шығару шеңберінде Astana Hub алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 15 Желтоқсан, 2025
Ежелгі парсы қолжазбаларында қазақ хандығы туралы не айтылған?
Ұлттық музейде «Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде» атты көрме ашылды. Көрмеде алғаш рет Иранның Сыртқы істер министрлігінің архивтерінен табылған 27 ежелгі парсы қолжазбасының көшірмелері қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Қарағанды полициясы баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс бастады
Қарағандыда ата-аналардың шағымынан кейін полиция 44 жастағы логопедтің жұмысын тексеруге кірісті. Оқиғаға байланысты барлық деректер әлеуметтік желілер арқылы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
БҰҰ-ның мұқтаж жандарға берілетін гуманитарлық көмегі қысқаратын болды
БҰҰ келесі жылы әлем бойынша 135 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін 33 миллиард доллар қажет екенін мәлімдеді. Ұйым донор елдерге үндеу жасап, ең осал топтарды, атап айтқанда, соғыстан, табиғи апаттан, індеттен, ашаршылықтан зардап шеккен адамдарды қолдау үшін 23 миллиард доллар бөлуге шақырды. Қаржы тапшылығына байланысты БҰҰ қызметкерлері тірі қалу шегінде тұрған адамдарға ғана басымдық беруге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» сапында ойнайды
«Қайрат» командасының қақпашысы Александр Заруцкий Қазақстанның 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» клубымен 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстан облысында боранда ауыл тұрғыны қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсан күндері болған қолайсыз ауа райы салдарынан 63 елді мекен электр жарығынсыз қалып, бірнеше адам жоғалып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада мектеп ішінен алғашқы мамандандырылған дзюдо залы ашылды
Астанада №45 мектепте дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жобаны мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт ведомствосының мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда құрылатын тауарлардың ұлттық базасы деген не?
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов пен Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов келер жылы қаңтардан бастап іске қосылатын Тауарлардың ұлттық каталогы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматының айырбастау пунктілеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Желтоқсан, 2025
Отандық дәрігер «ғылыми Оскар» сыйлығын жеңіп алды
Көз дәрігері Мұхит Құлмағанбетовтің Entoptica стартапы Гонконг пен Азиядағы беделді технологиялық марапаттардың бірі – Гонконг Ақпараттық және Коммуникациялық Технологиялар (ICT) сыйлығында әлемдік деңгейде мойындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Желтоқсан, 2025
Президент телерадиокешені мен Al Jazeera — стратегиялық ынтымақтастықтың үш жылы
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені басшылығы мен әлемдегі ең ірі әрі беделді медиакомпаниялардың бірі — Al Jazeera Media Network өкілдерінің кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай?
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады
Мерекеге байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады, хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2025
БҚО-да боранға байланысты бірқатар ауданда электр жарығы өшті
Батыс Қазақстан облысында күн райы күрт бұзылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда Камаз бен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бір адам жарақат алған. Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2025
Келешекте зейнетақы қаржысын шешуге толық тыйым салынады
Қорда көрсетілетін қаржының ең төменгі жеткілікті шегі 10 пайыздан астам өсіп, азаматтардың артық ақшаны шешіп алуы одан әрі қиындады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2025
13 желтоқсан - Алаш күні: Ұлт зиялылары арманы
Дамыған мемлекеттердің басты ұстанымы - адам өмірінің қастерлігі мен құндылығы. Оның жеке басы мен өмір сүру мүмкіндіктері. Осы тұрғыдан алғанда Алаш зиялылары ұлт пен адам мәселесін қатар қарастырды. Ұлт - мега өлшемді, ал адам - индивидуалды қатынас. Бұл екеуі тек бір-бірін толықтырады.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда жолаушылар мінген автобус көлікпен соқтығысты
Бүгін таңертең Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш – Алматы бағытымен қатынаған рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысып, жарамсыз күйге түсті. Автобус жүргізушісі құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Елімізде құжатсыз ет сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзендегі бірқатар әлеуметтік нысандарға көлік кілттері тапсырылды
11 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты елді мекендерге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты, жаңа жедел жәрдем көліктері мен қызметтік автокөліктерді ауылдық округтерге табыстады, әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үйіне барып мәселелерін тыңдады және дзюдодан жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатының ашылуына қатысты.
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Қазақстанда бір облыс көшелерін жарқыратып, шыршасын алтынмен аптағандай сәндесе, екіншісі бюджетті үнемдеп, былтырғы ойыншықтарын қайта іліп жатыр. Ал бірқатары жаңа жылды түк шығынсыз қарсы алмақ, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді
Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.
Шымкент • 12 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік ардагерлер құрылыс нысандарын аралады
Олар Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қала аумағындағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Ардагерлерді осы ұйымның төрағасы Кенжехан Төлебаев бастап барды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 12 Желтоқсан, 2025
Шымкенттің қос компаниясы «Парыз» жеңімпазы атанды
Шымкенттің екі кәсіпорны Астана қаласында өткен «Парыз-2025» республикалық конкурсының лауреаты атанды. Ол «Еврокристалл» ЖШС мен «Dala-construction.kz» ЖШС компаниялары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан азаматы неміс банктерінің деректерін ұрлаған
Германия азаматтарының банк шоттарына және жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында қолға түсірген, деп жазады Egemen.kz.