Фото:
Бұған дейін ҰҚК медициналық бұйымдарды заңсыз импорттауға қатысты схеманы анықтаған еді.
Тергеу деректеріне сәйкес, «OrdaMed» басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар екенін растайтын жалған құжаттарды пайдаланған. Соның негізінде компания мемлекеттік медициналық мекемелерге жабдықтарды жеңілдетілген шарттармен жеткізуге заңсыз артықшылықтар алған.
Шын мәнінде аталған медициналық жабдық толықтай шетелден жеткізілгені белгілі болды. Мәлімдемеге жауап ретінде «OrdaMed» АҚ-ның негізін қалаушы әрі басшысы Еркін Ділімбетов ресми түсініктеме берген болатын.