Фото: Oqu-agartu ministrligi
Жаңа цифрлы шешім балалардың психоэмоциялық жағдайын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді. Платформа психологиялық және мінез-құлықтық қауіп-қатерлерді анықтап қана қоймай, баланың жағдайындағы өзгерістерді динамикада қадағалауға жағдай жасайды. Соның нәтижесінде қолдауды қажет ететін балаларға үздіксіз әрі нысаналы көмек көрсету тетігі қалыптасады. Үдерістерді цифрландыру арқылы көрсетілетін көмектің бірыңғай бағыты айқындалып, ведомстволар арасындағы қайталанатын функциялар қысқарады, ал мамандарға түсетін кәсіби жүктеме оңтайландырылады.
Елімізде алғаш рет педагогтерді психологиялық қолдау кабинеті ашылды
Тұжырымдама шеңберіндегі басты басымдықтардың бірі – педагог-психологтар институтын жүйелі түрде дамыту. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында балалардың әлеуметтік және эмоциялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагог-психолог сағатын енгізу көзделіп отыр. Бұл балалардың өз эмоциясын басқару, қарым-қатынас орнату және күйзеліс жағдайларына төзімді болу қабілетін арттыруға бағытталады.
Сонымен қатар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады. Бұл кеңістіктерде балалар кәсіби психологиялық қолдауды қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда ала алады.
250 мыңнан астам адам психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген
Еліміз бойынша педагог-психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қайта қарау жоспарланып отыр. Қазіргі заман сын-қатерлерін ескере отырып, мамандардың біліктілігін міндетті түрде арттыру енгізіледі. Бұл жұмыс дағдарыстық жағдайлармен, сондай-ақ цифрлы ортадағы тәуекелдермен тиімді жұмыс істеуді қамтиды.
Кейс менеджмент институтын дамыту да назардан тыс қалмайды. Бұл бағытта педагог-психолог бала мен оның отбасын кешенді сүйемелдеудің негізгі қатысушысына айналып, түрлі қызметтер арасындағы үйлестіруші рөл атқарады.
Балаларды қорғау жүйесінде ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту де маңызды міндеттердің бірі. Атап айтқанда, қылмыстық процесс шеңберінде зардап шеккен балалар мен зорлық-зомбылықтың куәгерлерін сүйемелдеуге психологтардың міндетті түрде қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұл баланың психологиялық ахуалын ескеріп, оның құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, көзделген шаралар жүйелі профилактикаға көшуге, педагог-психологтардың кәсіби мәртебесі мен тұрақтылығын арттыруға жол ашады. Ең бастысы, тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуге негіз қалайды.
Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?