Оқиға • Кеше

Астрахандағы қарақшылық: Мәслихат төрағасының үйін кімдер тонаған?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астрахан аудандық мәслихаты төрағасының үйін тонамақ болғандар әділ жазасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астрахандағы қарақшылық: Мәслихат төрағасының үйін кімдер тонаған?

Фото: istockphoto.com

 

Шілденің бір түнінде Астрахандағы үйлердің біріне қарақшылық қарулы шабуыл жасады. Бұл кезде үйде төрт ересек адам мен үш жасар бала бар еді. Қарақшылық шабуыл нашар түсірілген киноның желісі тәрізді өрбіді. Олар үй иелеріне күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасап, ақша мен зергерлік бұйымдарды талап етті. Арам ойларын жүзеге асырған соң барлық адамдарды кішкентай баламен бірге жертөлеге қамап тастады.

Шетелдіктер Астанадағы ломбардты тонап кеткен

Қылмыскерлер оқиға орнындағы барлық қылмыс ізін тазалап болған соң аулада тұрған көлікті де мініп кетті. Оларды тағы бір қылмыстық іске қатысы бар тағы бір адам тосып тұрған болатын.

Туысының пәтерін екі рет тонап кеткен күдікті ұсталды

Алғашқы бетте полиция қызметкерлері бұл істі ел аралап жүретін қылмыскерлер жасаған болуы керек деп топшылады. Жорамал дұрыс шықты. Қылмыскерлердің екеуі Тараздан, біреуі Шымкенттен екен. Олар оқиға орнынан әуелі Астанаға, кейін Таразға кеткен.

Отбасына келтірілген материалдық шығын 4,2 млн теңге төңірегінде. Үйді тонаған, адамдарды қорқытып-үркіткен екеуі 8,5 жылдан жаза арқалады. Ал, көлікті сыртта тосып тұрған адам 5 жылға сотталды. Сотталғандардан моральдік шығын өндірілді.

Соңғы жаңалықтар