ат
Алматы • 28 Қазан, 2025
Алматы бюджетінің кірісі биыл 1,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматының жергілікті бюджетінің кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Қала әкімдігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, жыл соңына дейін қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін, бұл мегаполис тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылады
Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту, саланы цифрландыру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2025
Алматы облысында Республика күні ерекше форматта аталып өтті
Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған ерекше көріністі тамашалау үшін Орталық алаңға 15 мыңға жуық адам жиналды. Әуеде 550 дронның көмегімен ерекше композициялар көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 25 Қазан, 2025
Өз иесін тапқан көлік: Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
25 қазанда Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі - асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс - екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті. Бас жүлде - жеңіл автокөлік үшін елдің барлық өңірінен келген 40 үздік ойыншы бақ сынады.
Алматы • 25 Қазан, 2025
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Бүгін Алматыда «Қазақы тазы» моно тұқымды көрмесі мен «Қазақстан кинологтар одағының кубогы» өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2025
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің 35 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапаттар ел тәуелсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді. Шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қазан, 2025
Алматыда мәдениет пен ақпарат саласының майталмандары марапатталды
Бүгін Алматы қаласында Республика Күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен салтанатты шарада мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, архив пен кітапхана ісінің өкілдері тоғысып, мерейлі сәттерді бастарынан өткерді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қазан, 2025
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде Алматы апортын қайта жандандыру мақсатында ауқымды жоба қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 24 Қазан, 2025
Invest Hong Kong орталығының басшысы Альфа Лау Алматыға келді
Гонконг (ҚХР) арнайы әкімшілік ауданының үкіметі жанындағы Invest Hong Kong орталығының басшысы Альфа Лау Алматыда Гонконгтың әлеуетін Орталық Азия нарығына шығу үшін тұғырнама ретінде пайдалану жөніндегі жобаның тұсаукесерін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Атырау облысында қанша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді?
Атырау облысында 253 мемлекеттік орган бар. Бұл салада 3002 штат болғанымен, жұмыс істейтіндердің саны – 2743 адам, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2025
Алматыда жолаушылар мінген автобус аялдамаға соғылған
24 қазан күні шамамен сағат 12:35-те Алматының Жетісу ауданындағы барахолка маңында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда автобустың аялдамаға соғылған сәті көрініс тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қазан, 2025
Жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті
Ұлттық академиялық кітапханада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Су саласының 266 маманы марапатталды
Республика күні қарсаңында су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов табыстады. 266 қызметкердің салаға сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Қазақстан алдағы уақытта да теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізеді - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
2019 жылдан бері экономикамыз 16% өсті – Тоқаев
Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Қазан, 2025
Атырауда пранк жасамақ болған үш жігітке айыппұл салынды
Атырау қаласында үш жігіт пранк түсіру үшін бойжеткенді көлікке күштеп отырғызған. Сот олардың бұл әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Аңсаған Балтабеков полицейлерді Республика күнімен құттықтады
Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Ақмола облысының Полиция департаментіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Бірқатар ғалым мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Президент ҚР-ның әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Президент еңбек әулеттері мен жұмысшыларды марапаттады
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 23 Қазан, 2025
«Жасыл ел» жастар жасағы үздіктер қатарында
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткен «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс маусымын қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
«Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани кеш өтті
Республика күні қарсаңында Алматыдағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты №31 кітапхананың ұйытқы болуымен «Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани-танымдық кеш өтті. Мазмұнды басқосу қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Марат Тоқашбаевтың шығармашылығына арналып, қабырғалы қаламгердің бестомдық шығармалар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қазан, 2025
Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида дерегі анықталды
Атырау облысында 9 айда анықталған 8 қаржылық пирамиданың салымшылары 2 мыңнан асқан, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 23 Қазан, 2025
Спорт • 23 Қазан, 2025
Қазақстан триатлоншысы Азия додасында күміс еншіледі
Бахрейнде триатлоннан өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 23 Қазан, 2025
Онлайн және оффлайн сауда саласындағы бизнес өкілдері бас қосты
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Алматы қаласының онлайн және оффлайн сауда саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауданың өзекті мәселелері, сондай-ақ Republic Day акциясына дайындыққа қатысты мәселелер талқыланды. Маңызды тақырыптардың бірі қосарлы баға мәселесіне тарқатылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Қазан, 2025
Үш млн адам Қатонқарағайға сүйсінді
Ауылдық аймақтарды дамыту қорының айтуынша, қыркүйектің соңында америкалық блогер Крис Джундеф пен германиялық Йоханнес Хулш Қатонқарағайға келді. Екеуінің де әлем бойынша бір жарым миллионнан астам жазылушысы бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Самара — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2016 және 2022 жылы туған екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
«Алматы – Бішкек» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
«Алматы – Бішкек» автожолының 19–27 шақырымы төрт жолақтан сегіз жолаққа кеңейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Алматы облысында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті
Алматы облысында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальдің өтуіне «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.