Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 510,69 теңге, сату бағамы – 512,77 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 510 теңгеден сатып алып, 517 теңгеден, Шымкент қаласында долларды 510,33 теңгеден сатып алып, 512,33 теңгеден сатуда.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 29 желтоқсанда доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге өсті, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге өсті. 5 қаңтарда 5,53 теңгеге, 6 қаңтарда 1,46 теңгеге көтерілді, 8 қаңтарда 3,19 теңгеге төмендесе, 9 қаңтарда 0,98 теңгеге өсті. Ал 12 қаңтарда 0,24 теңгеге кеміп, 13 қаңтарда 0,07 теңгеге артты.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 509,75 теңге.