Қазақстан • 14 Қаңтар, 2026

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап. 

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады

фото: ашық дереккөз

«3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылданады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеудің өзі 11 ақпан күні өтеді», деп жазылған хабарламада.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады:

  • Қазақ тілі бойынша тест – 30 тапсырма, шекті балл – 15;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;

  • Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Ең жоғары балл – 100, шекті (өту) балл – 50.

Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қосымша 30 минут уақыт беріледі.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге. Дайындық деңгейін арттырғысы келетіндер үшін app.testcenter.kz сайтындағы «Сынақ тестілеу» бөлімінде 3 355 теңге тұратын ақылы тестілеу қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар