м
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін
Қарашығанақ жобасына қатысты халықаралық төрелік Қазақстанның пайдасына шешілді. Кен орнын игеріп жатқан ірі мұнай компаниялары 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл шешім еліміздің мұнай-газ секторындағы ең ірі құқықтық жеңістердің бірі ретінде бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 30 Қаңтар, 2026
Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
2026 жылдың қаңтар айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформаны азаматтардың қабылдауы мен бағалауын анықтауға бағытталған сауалнама өткізді. Телефон арқылы ұйымдастырылған сауалнама нәтижесінде қаңтар айында халық назары әлеуметтік-саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларда болғаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Әрі жарыс әрі мереке саналатын марафонда небір қызықтар мен адам таңғаларлық нәтижелер жиі болып тұрады. Мәселен, 2023 жылдың 8 қазанында Чикаго көшелерінде болған марафон тарихта қалды. Кениялық желаяқ Келвин Киптум 42,195 шақырымдық жарыста мәреге 2 сағат 35 секундта келіп, әлем рекордын жаңартты. Бұл нәтиже World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілді. Рекорд 6 ақпан 2024 жылы ратификацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026
Енді жүк тасымалы навигациялық пломбалар арқылы бақыланады
28 қаңтар күні Жетісу облысындағы «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк тасымалына навигациялық пломбалар жүйесін енгізу тәртібі мен оны Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында практикалық қолдану мәселелері түсіндірілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2026
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Петропавл қаласында бір жарым жыл бойы әйелді аңдып, оның мазасын алған 37 жастағы ер адам сотталды. Сондай-ақ ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады
Applied Economics Research Centre (AERC) сарапшылары Қазақстан экономикасына қатысты тоқсандық «Макроэкономикалық шолуды» жариялады. Жаңартылған болжамға сәйкес, 2026 жылы ел экономикасы 4,9% өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Елде қанша кәсіпорын тауар өндірумен айналысады?
Отандық өндірушілерді қолдау және сауда-өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» (ҚТӨ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен толықтырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қаңтар, 2026
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Айдос Сарым: Халық кеңесі саясаткерлер үшін таптырмас мүмкіндік береді
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтайды қалыптастыруда пропорционалдық жүйесін қолдайтынын айтты. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында бұл жүйенің нақты артықшылықтарын да атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Депутат Имашева Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау идеясын қолдады
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында талқыланды. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа түзетулер Конституцияның 77 бабына енгізіліп, негізгі заң мәтінінің 84 пайызын жаңартатынын, іс жүзінде барлық бөлім қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Қарлығаш Жаманқұлова: Жаңа Конституция сөз бостандығымен қатар шығармашылық еркіндікті де қорғайды
«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қазақстанның жаңа Конституциясында сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті қорғау нормаларының бекітілуін жоғары бағалады. Өз пікірін ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сүйінші хабарды жеткізген дәрігерлердің айтуынша, бұл – өңірде соңғы 3 жыл ішінде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Сібір елігін атқандар темір торға тоғытылды
Ақмола облысының үш тұрғыны заңсыз ау аулағаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Мәди Мырзағараев: Жаңа Конституция мәселесін қарастыру орынды
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев комиссия жұмысы аясында жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Балалардың психологиялық қауіпсіздігі: Қазақстанда бірыңғай цифрлы платформа құрылады
«Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында балаларды психологиялық диагностикадан өткізу және оларды сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлы платформа құру жоспарланып отыр. Бұл бастама тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және бала құқығын қорғау жүйесіндегі педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды
Маңғыстау облысы Шетпе-Жармыш автожолында, елді мекеннен 15 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында республикалық референдумның атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2026
Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қабылданды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Қабылдау рәсімі Ұлыбританияның Лордтар палатасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2026
10 жылдық «Алтын виза»: Инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Заң мен Ар таразысы: Ажырасу кезінде ортақ мүлік қалай бөлінуі тиіс?
Бір отбасының бүлінуі тек ерлі-зайыптылардың жеке мәселесі емес. Ажырасу – мемлекеттік деңгейде зерделеніп, назар аударылатын әлеуметтік маңызы зор түйткіл. Себебі әрбір ажырасудың артында ана мен баланың тағдыры тұр.
Футбол • 29 Қаңтар, 2026
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды
UEFA Чемпиондар лигасы 2025-2026 жылғы маусымының негізгі кезеңіндегі үздік қақпашыларды анықтады. Үздіктер сапында алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек шығарылады
Үкімет отандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталған ірі келісімдерді мақұлдады. Алдағы бірнеше жылда Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру жоспарланып отыр. Бұл бастама елдің дәрі-дәрмекпен қамтудағы тәуелсіздігін арттыруға және халық үшін қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында елге танымал саясаткер, Конгресс мүшесі Диоген Кинтеро бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
«OrdaMed» басшысына іздеу жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке халықаралық іздеу жариялады. Іс 28 қаңтарда тіркеліп, жедел-іздестіру шараларын ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
ОПЕК қоры Қазақстанның жеке секторын қаржыландырады
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Алматыдағы беделді QSI жекеменшік мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тексеріс бастады. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенген оқушы ауруханаға жеткізілді, ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Қазақстанға алғыс айтты
Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевпен кездесуінде ұйымның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Шаруаларды ерте қаржыландыру ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?
Өткен жылдың қазан айында маусымдық көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасына өтінім қабылдау басталған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 2004 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 273 млрд теңге көлеміне өтінім түскен, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 29 Қаңтар, 2026
Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ
Еліміз оңтүстік бағыттағы логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ауғанстан аумағы арқылы теміржол салуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, ел Үнді мұхитына тікелей шығатын ең қысқа маршрутқа қол жеткізіп, Пәкістан порттарына жол ашады, деп жазады Egemen.kz.