ат
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Алматыға емделуге келген шетелдік пациенттер қандай мамандарға жүгінеді
Жыл сайын мегаполис клиникаларында 15 мыңнан астам шетел азаматы ем қабылдайды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында кардиохирургия, ортопедия, онкология, репродуктивті және эстетикалық медицина бар, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 30 Қазан, 2025
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бұл қызметке Абзал Нүкенов лайық танылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қазан, 2025
Дзюдошы Азия додасында топ жарды
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Фатима Сұпығалиева бірінші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Алматыда тау бөктеріндегі аудандардың құрылысына тыйым салынды
Алматы мәслихатының кезектен тыс XXXVІ сессиясында депутаттар қаланың тау бөктеріндегі аудандардың құрылысына мораторий қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 30 Қазан, 2025
Жаңартылған мектептерде 130 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 30 Қазан, 2025
FAIO 2025 халықаралық ЖИ олимпиадасы басталды
Алматы қаласында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 29 Қазан, 2025
Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы ғалым, академик, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, діни қызметкерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Депутаттар ЛГБТ насихатына заңды түрде тыйым салуды көздеп отыр
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу қажет екенін, мұндай ұйымдар ұлттық құндылықтарымызды таптап, ұрпақ тәрбиесіне қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Атырауда заңсыз айналымнан 30,6 мың литр алкоголь, 9,7 мың тонна мұнай алынды
Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары тартысты басталды. Қазақстандық балуан Абдулла Батырбек ел намысын абыроймен қорғап, финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Алматыда мәйіттік донордан алынған қасаң қабықтар екі науқастың көзіне салынды
Соңғы күндері отандық медицина саласы кезекті маңызды сәтті басынан өткеріп, көп ағзалық донорлық үдерісті жүзеге асырылып, мәйіттік донардан алынған ағзалар алты адамның өмірін ұзартқаны туралы бұған дейін де хабарлаған едік, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Ауыр атлет Азия додасында екі жүлде еншіледі
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандасымыз қоржынға екі медаль салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Алматыда бір мәйіттік донордың ағзалары 6 адамның өмірін ұзартты
Кеше отандық медицина кезекті маңызды оқиғаны басынан өткеріп, көп ағзалық донорлық үдерісті жүзеге асырды. Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болған донордан, яғни 1962 жылғы әйелдің мәйітінен көп ағзалық ағзалар алу процесі атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Елімізде археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасы қаралды. Құжатты таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов елімізде алғаш рет археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристерді тасымалдаған Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі шағын ұшақ апатқа ұшырады. Агенттік мәліметінше, әуе апаты салдарынан ұшақ бортында болған барлық 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде бір кениялық ұшқыш, сегіз Венгрия және екі Германия азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы туралы жылы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Қазан, 2025
Бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды
25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар қаламгер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Наградаларды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 28 Қазан, 2025
Сұлтан Раев: Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы тек елдің ішкі жетістігімен шектелмейді - ол бүкіл өңірдің, тіпті түркі әлемінің болашағына бағыт беретін маңызды факторға айналды. Геосаяси тұрғыдан да, мәдени және өркениеттік байланыстар тұрғысынан да Қазақстан бүгінде әлемдік диалогтың орталығына айналып отыр. Осы орайда Республика күні қарсаңында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, түркі мәдени кеңістігінің дамуына зор үлес қосып жүрген Сұлтан Раевпен әңгімелестік.
Оқиға • 28 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Самара — Шымкент бағытындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім әлі комада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 28 Қазан, 2025
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы басталады
Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске қосты. Жоба Жамбыл облысының 35 жасқа дейінгі үй кезегінде тұрмаған барлық жас тұрғындарына арналған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 28 Қазан, 2025
Сенат Төрағасы құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында мемлекеттің құқықтық дамуының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия Президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 28 Қазан, 2025
Өткен оқу жылында озат оқушыларымыз халықаралық білім додаларында орасан жетістікке қол жеткізді. Барлығы 1720 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1006 медаль иеленді. Оның ішінде 193 алтын, 349 күміс және 464 қола медаль бар. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанып отырған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында биыл қылмыс деңгейі төмендеді
Маңғыстау облысында биыл тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 15,7%-ға азайды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 73,7%-ға, ауыр қылмыстар 8,1%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 29,5%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 9,7%-ға төмендеген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 28 Қазан, 2025
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталды
Бүгін, яғни 28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініш беру және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Өтінішті Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында толтырады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Республика күнінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2025
Бектенов Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларында Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.