Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды

Фото: видеодан алынған скрин

Алматылық әйелді белгісіз біреу күш қолданамын деп қорқытып, қол-аяғын байлап, зергерлік бұйымдар мен ақшасын қолды қылған.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің басым бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген Алматы қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды

Сондай-ақ қазір күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Бұған дейін құзырлы органдар Алматы мешіттерінде намаз уақытында ұрлық жасаған ер адамды ұстаған еді. 

Абай облысында да 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ қолға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар