ана
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
Алматыда 120 студентке арналған жатақхана ашылды
Студент жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке инвестициялар есебінен 120 студентке арналған заманауи жатақхана бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 10 Сәуір, 2025
Қостанайда есірткіге қарсы жастар форумы өтті
«Жастар. Энергия. Болашақ» атты форумды облыстық полиция департаменті мен прокуратура ұйымдастырды. Іс-шара барысында мыңға жуық оқушылар, студенттер мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесіп, нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі төңірегінде ашық пікірлесті.
Елорда • 10 Сәуір, 2025
Ардагерлер ұйымының кезекті пленумы өтті
Бүгін Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті. Оған аталған ұйымның төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 10 Сәуір, 2025
«Теңізден терең ғылым» деген тақырыпта жүрілген ғылыми іс-шара аясында Shakarim University-де жаңа ғылыми зертхана ашылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл – еліміздегі ғылымның жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қонаевта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана берілді
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 09 Сәуір, 2025
Шымкентте алаяқтар жалған тұрғын үй сертификаттарын таратқан
Аймақта алаяқтар баспана алуға көмектесуге уәде беріп, тұрғын үй сертификаттарын таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Астана халықаралық форумы 2025 демеушілер есебінен өткізіледі
Астана халықаралық форумы 2025 биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Елорда • 09 Сәуір, 2025
«Қазақ күшінің картасы»: бұл қандай жоба?
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жақында құрылған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті академиясының жұмыс-жоспарымен таныстыру мақсатында Бас редакторлары клубы және қоғам өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталғаны туралы хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 09 Сәуір, 2025
Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады
Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда «сән-салтанат салығы» пайда болады. Оны қымбат жылжымайтын мүлік, көлік, теңіз кемелері мен ұшақтардың, сондай-ақ қымбат алкогольдік сусындар мен сигаралардың иелері төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2025
Астанада жатақхана отқа оранды
Бүгін таңертең Сарыарқа ауданының Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгісіндегі жатақхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Сәуір, 2025
Қырғызстанда 600-ден астам ресми тіркелмеген діни нысан анықталды
Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2021 жылдан бері ел аумағында бұрын салынған, бірақ ресми түрде тіркелмеген 644 діни объектіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Отандық санавиация Сеулге аттанды
Бүгін дәрігер мен фельдшерден тұратын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік медициналық авиация бригадасы «Аlaman Air» әуекомпаниясының алғашқы жаңа Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен пациентке Оңтүстік Кореяға ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Бейнеулік жиһанкез түркі елдерін велосипедпен араламақ
Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке пышақсыз ота жасалды
Жезқазған медициналық орталығының базасында шеберлік сыныбы аясында өткен лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз операцияға PhD, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов жетекшілік етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2025
Биыл Астанада 15 мектеп ашылады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл елордада қанша білім ордасы ашылатыны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2025
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде көш бастады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF белдіктерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы Boxrec рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Сәуір, 2025
Бортсерікті соққыға жыққан жолаушы сотталды
Астана қалалық соты масаң күйінде «FlyArystan» АҚ-ның Астана – Өскемен бағытындағы әуе кемесі бортында бұзақылық жасаған айыпталушының ісін қайта қарады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 06 Сәуір, 2025
Арқалықта өрт шыққан үйден 14 тұрғын эвакуацияланды
Арқалықта көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, өрт сөндіру кезінде 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қою түтіннің ішінен 27 литрлік екі газ балонын сыртқа шығарып үлгерген.
Кәсіпқой бокс • 05 Сәуір, 2025
Батыр Жүкембаев қарсыласынан ұпай санымен басым түсті
Бүгін Барыс арена шаршы алаңындағы бокс кешінде бақ сынаған Батыр Жүкембаев қазақстандықтардың жеңіс жолын жалғады, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 04 Сәуір, 2025
Әлімханұлы-Нгамиссинге жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Бүгін Астанада 5 сәуір күнгі тарихи кәсіби бокс кешінің алдында қатысушылар салмақ өлшеу мен дәстүрлі көз түйістіру («face-to-face») рәсімінен өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2025
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты аяқталды
Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста еліміздің мықты спортшылары түгелге дерлік күш сынасты.
Спорт • 03 Сәуір, 2025
Қазақстанда теннистен Virtus Әлем чемпионаты өтеді
Биылғы 3-11-мамыр аралығында Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында халықаралық жарыс — Virtus Әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпқой бокс • 03 Сәуір, 2025
Біз қарсылас таңдамаймыз - Жәнібек Әлімханұлы
Араға 25 жыл салып, Астанада ауқымды кәсіби бокс кеші өтеді. Бокс кешінің басты жекпе-жегі отандасымыз, бұған дейін жеңіліп көрмеген боксшы, WBO, IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық тәжірибелі былғары қолғап шебері Анауэль Нгамиссенге арасында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 03 Сәуір, 2025
Ағайынды Сабырхандар кәсіби бокстағы дебютіне дайын ба
5 сәуір күні Астанадағы Барыс Аренада кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінің иелері жеңіліп көрмеген Ж. Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгамиссенге, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында Еңбек мобильдігі орталығы және басқа да серіктестермен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Қарағандыда университет жатақханасы отқа оранды
Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы университеттің жатақханасында өрт болып, 10 студент ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Қостанайда фельдшерді ұрып-соққан әйелдерге сот үкімі шықты
Қылмыс жасаған айыпталушыларға бір жылға шектеу шарасы тағайындалып, шығынды өтеуге міндеттелген, деп хабарлайды Egemen.kz.