
Фото: Ашық дереккөз
Елордада 10 шілде күні бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C дейін жылынады.
Ал, 11 шілдеде күн бұлтты болады. Күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
12 шілдеде жауын-шашынсыз, бірақ бұлтты ауа райы сақталады. Түнгі температура +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.
Алматы қаласында 10 шілдеде бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлі болады. Найзағай күтіледі. Түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.
11 шілде – ауа райы құбылмалы. Қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Түнгі температура +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
12 шілде – жауын-шашынсыз, бірақ аспан бұлтты. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3–8 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Жалпы синоптиктердің болжамына сәйкес, 2025 жылғы шілде айында елімізде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің көп бөлігінде найзағайлы, бұршақты және екпінді желмен қатар жүретін жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде қатты және өте қатты ыстық күтіледі. Кейбір аймақтарда шаңды дауыл тұруы мүмкін. Бұл өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.