Аймақтар • Бүгін, 12:30

Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 250-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда дәрігер мамандар жетіспейді

Фото: Қырмызы Жұмағалиқызы

Оның айтуынша, өңірге терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог және гематолог мамандар қажет.

«Мәселені шешу үшін былтырдан бастап көтерме жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды. Қазір Маңғыстау облысына көшіп келетін дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Қалада жұмыс істейтін мамандарға – 3 млн теңге, ауданға барғандарға – 5 млн теңге, ал ауылға орналасқандарға – 8,5 млн теңге төленеді», деді басқарма басшысы.

Биыл мұндай қолдауға 60 дәрігер ие болған. Жыл соңына дейін мамандарға 50 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.