ас
Дін • 13 Қаңтар, 2026
Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Қаңтар, 2026
«Реал» бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатты
«Реал Мадрид» футбол клубы Хаби Алонсомен өзара келісімі бойынша оның негізгі құрамның бас бапкері қызметінен босатылғанын хабарлады. Корольдік клуб құраманы баптайтын жаңа бапкердің де есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Қаңтар, 2026
Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті
Мағжан Жұмабаев ауданындағы Майбалық ауылында бір үй күйіп, ер адам мен жас баланың жансыз денесі табылды, ал екінші бала іздестірілуде деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып, кейін ерлі-зайыптының мәйіті табылған отбасының туыстары марқұм әйелдің атынан жіберілген соңғы аудиохабарламаға қатысты тың ақпарат айтты. Жақындары бұл аудиожазба бұрын жіберілген ескі жазба болуы мүмкін екенін және оны күдікті таратуы ықтимал екенін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен баспаналы болған 100 жас отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қаңтар, 2026
Берік Асылов: Олигополия иелігіндегі 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар аясында 2025 жылы прокурорлар мемлекеттің мүддесін 1,1 трлн теңгеден астам қаржы көлемінде қорғады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру жүйесін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 12 Қаңтар, 2026
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Меңдіқара ауданына қарасты Тарасовка ауылында 1926 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген майдангер Ділдәбек Нұрышевті қалалық ардагерлер кеңесі мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2026
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін оқитын бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
«Астана» ФК биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл күндері олар елордада даярланып жатыр. Жиын 28 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?
2025 жылғы желтоқсан айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 571,2 мың теңгеге жеткен (қарашада – 568,8 мың теңге). Бұл 2024 жылдың осы айымен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары. Баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 10 Қаңтар, 2026
Алматыда 6 мыңнан астам жасқа психологиялық кеңес берілді
Алматыда 6,8 мыңнан астам жас психологиялық көмек пен кеңес алды. Бұл туралы қаланың Жастар саясаты басқармасы өкілдері айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
Басқа базаға көшіру кезінде деректер жоғалып, жетім бала қарапайым қателіктің салдарынан баспанасыз қалған. Шенеуніктердің әрекетін сот заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ елшісі: Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаныма өте қуаныштымын
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырдым. Қазақстанда еңбек ету – мен үшін зор мәртебе. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның қарым-қатынасы ерте қалыптасты. АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Бүгінде серіктестігіміз барынша бекіді. Қазір екіжақты ықпалдастық өз тарихындағы ең жоғары деңгейде.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Nvidia жаңа буындағы автопилотты көпшілік назарына ұсынды
Әлемдегі технология саласындағы ең ірі іс-шара CES халықаралық тұтынушылық электроника көрмесі биыл Лас-Вегаста өтіп жатыр. Көрменің басты тақырыбы – «Баршаға арналған жасанды интеллект» деп аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 09 Қаңтар, 2026
Қазақстан қай елдерге астық тасымалдауды арттырды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асты. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты
Былтыр 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 09 Қаңтар, 2026
Тауарын теміржол арқылы тасыған кәсіпкерлердің шығыны өтеледі
«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2026
Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында елордада тағы бір газ жылу станциясын салу жұмысы басталғанын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 08 Қаңтар, 2026
31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 3,4 және 6 қаңтар күні Жангелдин ауылының төңірегі, Шадымантүбек, Бесмола және Бірмол аумағында 20 шақырымдық радиуста сүңгуірлер мен су дрондары жұмыс істеген. Алайда нәтиже болмаған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 08 Қаңтар, 2026
Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды
Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегімен 29 жастағы күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды
2025 жылдың күзінен бері Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан бір отбасының жоғалып кеткені хабарланып, құзырлы органдар іздеу жариялаған еді. 6 қаңтар күні ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті өз аулаларындағы сарайдың ішінен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр
Елімізде жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жобаны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жүзеге асырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Қаңтар, 2026
13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге жүйріктігімен көзге түсіп келеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында 9-сынып оқушыларымен бір деңгейде сынға түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 08 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа оқталған 895 адамды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Былтыр комитет қызметкерлері 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кескен, деп жазады Egemen.kz.