Президент • Бүгін, 11:57

Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Соңғы жаңалықтар

Қуандық топтан қара үзді

Аймақтар • Бүгін, 13:03