Сайыстың басты шарты – домбырасын қолға алып ортаға шыққан жыршы бір сәт те тоқтамауы керек. Жиналған көпшілік осы өнер мерекесін өңірде үзіліп қалған жыраулық дәстүрді қайта жаңғыртудың үлгісі деп бағалап, сахнаға шыққан орындаушыларды жігерлендіріп отырды.
Өнер көрсеткендердің арасынан «Қырымның қырық батыры», «Пайғамбарлар қиссасы» сияқты ұзақ дастандарды бірнеше сағат мүдірмей жырлаған талантты жастар ерекше көзге түсті.
«Сахнаға шыққандардың орындаушылы өнері де әртүрлі болды. Кейбірі 20-40 минут арасында қысқа толғауларды орындаса, кейбірі 3-4 сағатқа дейін дастандарды тоқтаусыз жырлады. Бұл жерде қатысушыларға еш шектеу қойылмады. Барлығына сахна киімі, дауыс ырғағы, ұлттық аспаппен жырдың мақамын бұзбай орындау сиқты ортақ талаптар қойылды», дейді «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин.
Ақтөбе облысы.