ош
Тағайындау • 11 Маусым, 2025
«Қазпошта» АҚ-на жаңа басшы келді
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылдың қазан айынан бері Әсел Жанасова атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елімізде пошта алу тәртібі өзгереді
2025 жылғы 13 маусымнан бастап Қазақстанда пошта жөнелтілімдерін беру тәртібі өзгереді. Енді сәлемдеме немесе хатты тек алушы ғана емес, оның орнына басқа адам да ала алады — бұл үшін арнайы QR-код немесе PIN-код жеткілікті. Жаңа ереже ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 28 мамырда қабылданған №265/НҚ бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Мамыр, 2025
«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған шеру бағыты Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары мен Астана қаласын және Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын, яғни сегіз өңірді қамтып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада жаппай велошеру өтеді
25 мамыр күні елордада «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру ұйымдастырылады. Велошеруге қатысушылар 25 шақырымды еңсеруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 17 Мамыр, 2025
Қазақстанда Жошы хан дәуірі туралы ауқымды сериалдың түсірілімі аяқталды
Жошы хан мен Алтын Орданың құрылуына арналған «Алтын империя» тарихи сериалының түсірілім кезеңі ресми түрде аяқталды.
Парламент • 09 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы Кәкімжан Қазыбаевқа неге ашуланды?
«Журналиске диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек!» Бұл аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының жүрек түбінен шыққан ашу-ызасы. Бұл сөздер Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың есімі ел ішінде ұмыт бола бастаған тұста, ешбір журналистің бұл ерлікке үн қатпағанын көріп, төзімі таусылған сәтте айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесті.
Парламент • 05 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты. Палата спикері қазақ жауынгерлерінің ерлігі, тарихи естеліктерді жадымызда сақтаудың және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
«Қазпоштада» жазылушы күні өтті
Ақпарат ағынының қарқынды жылдамдығына қарамастан, баспасөздің мән-маңызы жоғалған емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында: «Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді», деп шегелеп берген болатын. Осыған орай Астана қаласындағы «Қазпошта» филиалында 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жазылу науқанының басталуына байланысты «Жазылушы күні» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жиын республикалық және өңірлік басылым өкілдерінің, жазылушылардың, пошта қызметкерлері мен елорда тұрғындарының басын біріктірді.
Тағзым • 24 Сәуір, 2025
Елордада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Мәжіліс төрағасы «Жыл кітабы» марапатын табыстады
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық кітап күні аясында өткен «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Сәуір, 2025
Микрошөп өсіретін вертикалды жылыжай іске қосылды
Былтыр Алматы қаласының индустриалды аймағында салат, руккола, базилик және басқа да көк шөп түрлерін өсіруге арналған инновациялық кешен іске қосылған болатын. Биыл жылыжайдың өндірістік көлемі артып, жаңа циклдар іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2025
Қырғызстанның Ош қаласында жер сілкінді
Жер сілкінісі 14 сәуір күні сағат 22:11-де Алматы қаласынан 452 шақырым оңтүстік-батыста болған. Зілзала ошағы Қырғызстанның Ош қаласында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Мәжіліс төрағасы Парламентаралық Одақтың 150-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Форумға қатысушылар парламенттердің әлеуметтік даму мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылады. Қазақстан Парламентінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2025
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден жеңіске жетті
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal ірі турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2025
Ерлан Қошанов әйел депутаттарды көктем мерекесімен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Палата спикері нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 04 Наурыз, 2025
Жошы хан туралы халықаралық сериалдың түсірілімі басталды
Тарихи фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының павильондарында «The Golden Empire» жұмыс атауымен түсіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Партия әрқашан халықтың жанынан табылуы керек - Ерлан Қошанов
Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында «AMANAT» партиясында үздік бастауыш партия ұйымы мен үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы еліміздің барлық аймағындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Азаматтардың сұранысы – «AMANAT»-тың басты бағдары
«AMANAT» партиясының басты міндеті – азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және олардың тұрмысын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу. Адамдардың партияға деген сенімінің кепілі – осы. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов ұйымдастырушылық жиын барысында айтты. Партиялықтар өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, бірқатар басым міндеттерді айқындады. Кеңеске партияның өңірлік филиалдары қосылып, басқосу бейне конференц байланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 11 Ақпан, 2025
Тоқаев Еуропалық кеңес Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Еуропа тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 28 Қаңтар, 2025
Ұтымды шешімдер ұлттық мүдделерді айшықтайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына бүкіл елдің назары ауды. Онда мемлекетіміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, алдымызға жаңа ауқымды міндеттер қойылды.
Президент • 24 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 20 Қаңтар, 2025
Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы қалай берілді
Рейхстагқа ту тігіп, соғыстың соңғы нүктесін қойған ұлтымыздың ұлық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерен еңбегін елге танытқан журналистердің бірі – Жанболат Аупбаев, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Ерлан Қошанов: Еліміздегі инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі ұдайы Президент бақылауында
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесті. Сапар аясында Ерлан Қошанов Сәтбаев қаласындағы №1 жылу стансасының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен және қала жұртшылығымен кездесіп, олармен экология және «қара қар» мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2024
Оқулықтан инновацияға дейін - білім беру саласындағы жаңа серпін
Дидара Алина – ARMAN-PV баспасының бас директоры. Оның басшылығымен компания білім беру саласында жаңа педагогикалық және түрлі ақпараттық технологияларды енгізіп, халықаралық серіктестікке негізделген жобаларды іске асырып келеді. Осы жылы баспа қандай жетістіктерге қол жеткізді және болашаққа қандай жоспарлар қойылды? Бұл туралы Дидара ханыммен сұхбат барысында талқыладық.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 заңды қабылдады. Оның ішінде 19 заңға Президент қол қойған. Бүгін Парламент жылды қорытындылап, жуырда депутаттар өңірлерге іс сапарға шығатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Ауыл – біздің мәдениетіміз бен дәстүріміздің негізі - Ерлан Қошанов
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық конкурс қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және тағы басқалар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы мен он жетінші пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.